ІІ топ. Сүттің суға айналуы.
Кальций хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі. Түзілген ақ тұнба 20 пайыздық тұз қышқылын қосқанда «ақ сут» қайнап түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.
Түсіндірме: кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонат ерітіндісімен әрекеттескендеақ түсті кальций карбонаты түседі:
СаСІ2 + Na2 CO3 = CaCO3 + 2NaCІ
Түзілген тұнба тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек (ІҮ) оксиді түзілді, көмірқышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:
СаСО3 + 2НСІ =СаСІ2 +Н2О +СО2
ІІІ топ. Мыстың түсі қандай?
Сынауықтың 1/3 көлемінде этил спирті құйылады. Мыс пластинкасын қысқышпен алып, оны жалынға ұстаймыз. Мыс пластинкасы қарайған соң, жалыннан алып, спирт құйылған сынауыққа саламыз. Пластинка ашық қызыл түс түзеді.
Түсіндірме: мыс пластинкасын қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп мыс (ІІ) оксидін түзеді:
2Сu + O2 = 2CuO
Мыс (ІІ) оксиді спиртпен әрекеттесіп, альдегид және мыс түзеді:
СН3—СН2ОН + СuO = CH3 – COOH + H2O + Cu
Қорытынды
|
Металдардың адамзат қоғамындағы орны ерекше. Оқушылар алдарында берілген шартты белгілерді тақтада ілініп тұрған Қазақстанның картасына өз кен орындарын орналастырады. Отанымыздың жер қойнауы өте бай. Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің бірден-бір кепілі.
Сабақ соңында оқушылар білімдерін бағалайды.
Үйге тапсырма: §30. 5,6 – жаттығу.
|