Нанотехнология дегеніміз-атом. Мәселен, сіздің көлігініздің терезесі шаң болады. Ал, нанотехнология әдісімен терезе жасауға болады, оған еш шаң жұқпайды. Яғни, атомдарды бір-бірімен жақындастырып орналастырғанда, олардың арасына шаңның да, судың да молекуласы кіре алмайды. Ұшақ жасау үшін оған темір, титанды қоспайды, нанотехнологиямен алынған көміртекті заттарды пайдаланады, ұшақтың салмағы жеңіл болады, әуеде радар ұстамайды, жоғары қысымда жоғалып кетпейді. Медицинада жаңа дәрілік заттарды нанотехнология әдісімен алсақ, ол тек ауырған жеріңізді ғана емдейді. Мәселен, басыңыз ауырса асперин ішесіз. Оның 50 пайызы ауырғаныңызды басады, ал 50 пайызы бауырыңызға теріс әсер етеді. Антибиотиктер де солай. Ал нанотехнологиямен барған зат контейнердің ішінде болады. Ол ағзаға еніп қан-тамырлар арқылы керекті жерді өзі тауып алып ауырған клеткаларды ғана емдейді. Басқа дене мөлшеріне ешқандай зияны тимейді.
Нанобөлшектер. Қазіргі кезеңдегі ғылымның жетістіктері егер заттың өте ұсақ бөлшегін қарастырсақ оның жаңа қасиеттері байқалатынын анықтаған. Өлшемі 1 нм-ден 100 нм-ге дейінгі бөлшектерді нанобөлшектер деп атайды. Кейбір нанобөлшектердің каталитикалық және адсорбциялық қасиеттері байқалады. Кейбір материалдар ғажайып оптикалық қасиеттерге ие болады, мысалы, аса жұқа органикалық қабықшаларды күн батареясын өндіруде қолдануға болады. Мұндай батареялар төменгі квантық тиімділікке ие болғанымен, арзан және иілгіш. Жасанды нанобөлшектердің табиғи наноөлшемдегі обьектілермен –ақуыздар, нуклеинді қышқылдар, амин қышқылдары, нейропептидтер – өзара әсерлесуі жүзеге асырылуда.
Өте мұқият тазартылған нанобөлшектер белгілі бір құрылымға өз бетімен түзілу мүмкіндігі бар. Мұндай құрылымда қатаң реттелген нанобөлшектер болады және олардың ерекше қасиеттері көрінеді.
Нанобөлшектер негізгі 3 класқа жатады: Өлшемдерді бөлшектер (өткізгіштер жарылысынан, плазмалық синтезден, жұқа қабықшалардың қайта түзілуінен және т.б.), екі өлшемді объектілер (молекулалық ыдырату, ионды ыдырату, ионды ыдырату әдісі арқылы алынған жұқа қабықшалар және т.б.), бір өлшемді объектілер. Сонымен қатар органикалық нанобөлшектер де кездеседі.
4.3. Бекіту. Тапсырма. «Тұлғаны таны» (30 мин)
1.Бірінші ұстаз, «физика-табиғат туралы ғылым» деп шығармаларында баяндаған-Аристотель
2.тұңғыш қазақ ғарышкері-Т.Әубәкіров
3.Заттың молекула-кинетикалық теориясының қағидаларын ұсынған, «физика» ғылымының бастауында тұрған ұлы орыс ғалымы-М.Ломоносов
4.Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес,арнайы құрал-үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген итальян ғалымы-Г.Галилей
5.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқын ғалым-И.Ньютон
6.Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды ұсынған ғалым-В.Франклин
7.Алғаш рет денелердің барлығы өте кішкентай бөлшектерден тұрады деген көзқарастың негізін салушы грек ғұламасы-Демокрит
8.Химиялық элементтер кестесін құрған орыс ғалымы-Д.Менделеев
9.Броундық қозғалысты ашқан ғалым-Р.Броун
Достарыңызбен бөлісу: |