Павлодар қаласы
Ақсу қаласы
Қызылжар орта мектебі
Жукенова Галия Еркиновна
3 сынып
Пән аты: Әдебиеттік оқу
Сабақ тақырыбы: Наурызкөже . М. Дулатұлы.
Сабақ тақырыбы:
Білімділігі: Мәтінді түсініп оқу. Мазмұны мен идеясын
ашуға көмектесу
Дамытушылығы : Оқушылардың ойлау шеберлігі мен
сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі : Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру .
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ -жауап , әңгімелеу , іздендіру,тапқызу, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, топпен
жұмыс, мәнерлеп оқыту, қызығушылығын ояту.
Сабақ көрнекілігі: тірек сызба автордың суретін,наурыз той, наурыз көже суреттер,
Интерабелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру
ә) психологиялық дайындық
Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
б) бағалау парағын тарату, жұппен
Сабақ айтуы
|
|
Ойын жеткізуі
|
|
Сөйлеу мәнері
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Құстардың ұя салуы» ертегісін түсініп оқу, мазмұнын айту.
сұрақ- жауап арқылы тексеру
Ертеде күллі құс атаулы қалай тіршілік етіпті?
Құс патшасы құстарға қандай өсиет айтыпты?
Қарлығаштың ұясының кемелді болып шығуының себебі неде?
Ертегідегі құстардың өсиетті тыңдауынан қандай қорытынды шығаруға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Мына суреттерге қарап ойларына не келеді ?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ деп ойлайсыздар?
Сіздер білесіздер ме наурыз көже қалай жасалатының?
-Сонымен бүгін біздің тақырыбымыздың аты қалай екен?
-Наурызкөже
-Ал, енді мына портретке назар аударайық. Бұл кім?
- Міржақып Дулатұлы не білеміз?
ақын жазушы
педагог
қоғам қайраткері 25 қараша 1885 туған
саясаткер
Достарыңызбен бөлісу: |