Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ:
Геометрия – ең ежелгі ғылымдардың бірі. Бүгін сіздерде геометрияның жеке пән ретіндегі алғашқы сабағы.
Тақтада геометриялық фиуралардың аттары екі бағанда жазылған:
Түзу куб
Сынық сызық цилиндр
Кесінді шар
Сәуле конус
Тіктөртбұрыш пирамида
Квадрат параллелепипед
Бұл геометриялық фигуралардың аттары екі бағанға қандай тәртіппен бөлінген? (1-жазықтықтағы, 2-кеңістіктеі фигуралар).
Геометрияның жазықтықтағы фиураларды зерттейтін бөлімі планиметрия деп аталады. Біз геометрияны зерттеуді планиметриядан бастаймыз.
Саралаудың тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету».
Белсенді оқыту түрі «Нұсқау беру жəне айту».
Аксиомалар және теоремалар.
Аксиома деп дәлелдеусіз қабылданатын тұжырымды айтады.
Мысалы:
Аксиома. Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.
Дәлелдеуді қажет ететін тұжырымды теорема деп атайды.
Түзу мен нүкте – геометрияның негізгі ұғымдары.
Нүктелер: А, В, С, D, М, Е,
Түзулер : а, в, с, l, d,
немесе: AB, MN, LK, ОР.
Кесінді. А және В нүктелері а түзуінің бойында жатсын (1-сурет). Онда а түзуінің А және В нүктелерінің арасында орналасқан нүктелерінің жиынын АВ кесіндісі деп атайды, яғни а түзуінің А және В нүктелерімен шектелген бөлігін АВ кесіндісі дейді. Кесіндіні шектейтін нүктелерді оның ұштары деп, ал екі нүктенің арасындағы нүктелерінің барлығын оның ішкі нүктелері деп атайды. Мысал: 2-суретте N және О нүктелері АВ кесіндісінің ішкі нүктелері, ал А және В нүктелері – оның ұштары.
2-сурет
АВ кесіндісінің ұзындығын А және В нүктелерінің арақашықтығы деп те атайды.
|
|