Сабақ тақырыбы Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру Оқу мақсаттары



Дата11.12.2023
өлшемі209,41 Kb.
#196280
түріСабақ
Байланысты:
Баскетбол ойыны жағдайында қабылдауды іске асыру
ДЖ тарих аралық бақылау СТ-23, olympic games 2




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары

Мектеп: Аркалык каласы А. С. Макаренко мектеби

Күні: 18.10.2018жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Байшев Мади Асылханович

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

18
1

Сабақ тақырыбы

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Оқу мақсаттары

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.
Көптеген оқушылар: салауатты өмір салты үшін дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз баскетбол ойының ережелерін біледі

Бағалау критерийлері

- тапсырмалардың қолайлы орындалуын анықтайды;
- ойында өз идеяларымен бөліседі, ресурстарды дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар



Оқудың тілдік мақсаты
Оқушылар:
қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамтиды:
әділойын, ереже, жарыстарсеріктестік
шабуыл, қорғаныс
қозғалмалыдағдылар
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздер өздеріңізді бір немесе басқа ролде өзініңізді қалай сезіндіңіз?

Құндылықтарды дарыту




МИССИЯ
-Зияткерлік қабілетін нығайту
-Шығармашылықты нығайту
-Әлемдік білім беруді түсіну
-Инновацияларды жүзеге асыру
-Көптілділікті жүзеге асыру
-Математиканы қолдану
-Ғылымды жүзеге асыру

ПАЙЫМДАУ
-Адамгершілікке бағытталған сапалы білім беру
-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру
-Патриоттыққа бағытталған жоғары сапалы білім беру
-Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
-Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту
-Әлемді жақсартуға үлес қосу

ҚҰНДЫЛЫҚТАР
-Құрмет
-Жарқындылық
-Ынтымақтастық
-Мақсаттылық
-Жауапкершілік
-Өмір бойы оқу




Пәнаралық байланыстар

Физика (ойын кезінде өзінің қозғалыс дағдыларын дамытуда дене жүктемелерінің мөлшерін біледі )

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша ойын жағдайындағы тапсырмаларын көрсету немесе жалпы сабақты қамту

Бастапқы білім



Оқушылар бұл бөлімде ойын арқылы мәселелерді шешу дағдыларын командалық жұмыс атқару арқылы, доп пен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын жаттығулар жасау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Немесе жүгіру жаттығуларының орнына сергіту ойындарын ойнату. Мысалы: «жылан» жүгіріс
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.



Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.
Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Сабақтың ортасы
25 мин.


«Баскетбол ойыны сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы» презентациясын көрсету.
Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы жаттығулар
Мақсаты:оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама:қозғалмалы жаттығулар арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.
«Орын ауыстыру арқылы допты қуу».
Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөмірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп болады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді.

Дискрипторлар:
топта шапшаң қимылдайды;
допты түсірмей орындайды.
Бағалау:Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Шелек тәсілі арқылы бағалау. Мұғалім әрбір жаттығудан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
Кеуде тұсынан бір-біріне доп беру
«Алаңның айналасында жүріп, допты жұбына лақтыру». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олар өз ішінен екі сапқа тұрады. Әр топта бір-бір доптан болады. Әр саптың алдындағы екі ойыншы допты бір-біріне беріп, қарсы жақтағы алаңға бар күшімен жүгіріп жетеді. Жеткеннен кейін бұрылып, кері қайтады да, допты келесі жұпқа береді


Дискрипторлар:
топта шапшаң қимылдайды;
допты түсірмей орындайды.
Бағалау:
Себет тәсілі, жаттығуды жасап болған соң себетке баскетбол добы белгіленген смайлектер жабыстыру



Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.


Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, әр түрлі доптар, фишкалар, құрсаулар, қағаз, қалам, сұрақтар жазылған қима қағаздар


Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Ысқырық. Ойынға арналған нысандар.
қозғалмалы ойындары:

Допты беру техникасының дұрыс және дәл орындалкын қадағалаңыз. Ойынның ережесін есеріне салыңыз.
Допты серіктесіне қолмен беріп, қағып алуы керек. Егер допты екі қолмен қағып алса, оны кері қарай екі қолмен лақтыру керек.



Сабақтың соңы
5 мин



«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы айту, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: қабырғаға ілінген ТҰҒЫР әдісі арқылы кері байланыс жасау бүгінгі сабақты меңгергендігі туралы
Оқушының әрекеті: Сабақтың өтілу барысын арқан әдісіне белгілейді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» қабырғадағы тұғыр белгілейді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы іледі.

Бос кеңістік.
Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
Қозғалыс жаттығуларын және эстафета арқылы жаттығулар жасаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады

Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы.
Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу.
Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
Бақылау, тыңдау, сұрақтар
Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу
Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.



Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет