Кейбір бронхтар катарлы экссудатпен, ал кейбір бронхтар іріңді эксудатпен толған. Экссудат құрамында нейтрофилды лейкоциттер көп болғандықтан қара-көк түске боялған. Альвеолалық ұлпадағы өзгерістер біркелкі емес. Кейбір жерде альвеолалар құысында біраз лейкоциттер, іргесінен ажыраған эпителий торшалары, қышқыл бояумен боялған сарысулы экссудат бар. Альвеолалардың көпшілігі іріңді-катарлы экссудатпен толған. Мұндай жерлер көкшіл-қызыл түсті.