Сабақ Тақырыбы: Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы


С. Сарысулы, фибринді, іріңді, абсцесстелген, катарлы



бет6/6
Дата09.03.2022
өлшемі5,4 Mb.
#134739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ВС 1-ші зертханалық сабақ.

С. Сарысулы, фибринді, іріңді, абсцесстелген, катарлы
D. Сарысулы, фибринді, некроздық, геморрагиялық, катарлы
Е. Крупозды, фибринді, іріңді, геморрагиялық, катарлы
3.Өкпенің қабынған жерлері үлкейген, күрең-қызыл түсті, көкшіл реңді, тығыздығы көк бауыр тәрізді, тілік бетінен көмескі қызғылт сүйық ағып тұрады, бронхтарды қысқанда кілегейлі зат шығады. Диагноз қойыңыз.
А. Жіті катарлы бронхопневмония
В. Созылмалы катарлы бронхопневмония
С. Крупозды пневмония
D. Сарысулы пневмония
Е. Іріңді пневмония
 
4. Өкпенің зақымданған бөлігі бозғылт-сұр түсті, тығыздығы ұйқы безіндей, беті кедір-бұдырлы, тілік беті түйірлі. Диагноз қойыңыз.
А. Жіті катарлы бронхопневмония
В. Созылмалы катарлы бронхопневмония
С. Крупозды пневмония
D. Сарысулы пневмония
Е. Іріңді пневмония
5. Катарлы бронхопневмонияда альвеолдар мен бронхтар қуысында жиналатын экссудаттың құрамына не кіреді?
А. Фибрин, лейкоциттер, кілегейлі зат, эритроциттер, ірің
В. Сарысулы экссудат, іргесінен ажыраған эпителий торшалары, кілегейлі зат,
бірен-саран лейкоциттер мен эритроциттер
С. Фибрин, тромбоциттер, кілегейлі зат, эритроциттер, ірің
D. Сарысулы экссудат, іргесінен ажыраған эпителий торшалары, кілегейлі зат,
лейкоциттер мен тромбоциттер
Е. Сарысулы экссудат, плазмоциттер, кілегейлі зат, бірен-саран лейкоциттер мен
тромбоциттер
 
6. Катарлы бронхопневмонияның өту ерекшеліктері қандай?
А. Процесс біртіндеп дамиды, әуелі бронхтар, сонан соң альвеолалар қабынады,
негізінен төлдер ауырады
В. Процесс біртіндеп дамиды, әуелі бронхтар, сонан соң альвеолалар қабынады,
негізінен ересек малдар ауырады
С. Процесс бірден үлкен бір бөлікті қамтиды, альвеолалар қабынады, негізінен
ересек малдар ауырады, өтуінде кезеңділік бар.
D. Процесс бірден үлкен бір бөлікті қамтиды, альвеолалар қабынады, негізінен
төлдер малдар ауырады, өтуінде кезеңділік бар.
Е. Процесс біртіндеп дамиды, әуелі бронхтар, сонан соң альвеолалар қабынады,
негізінен төлдер ауырады, өтуінде кезеңділік бар.
7. Өтуі бойынша катарлы бронхопневмонияның түрлері
А. Жіті және созылмалы
В. Созылмалы және жасырын
С. Жіті және жасырын
D. Жіті және жітілеу
Е. Өте жіті және жітілеу
 
8. Өкпенің ауамен шамадан тыс толуы – бұл
А. Пневмония
В. Бронхит
С. Ателектаз
D. Эмфизема
Е. Домбығу
Өкпе үлкейген, мамық тәрізді, бозғылт-сұр түсті, кескен кезде сытырлайды, тілік беті құрғақ, кесекшелер судың бетінде қалқиды.
А. Пневмония
В. Бронхит
С. Ателектаз
D. Домбығу
Е. Эмфизема
 
Ауаның орналасуына байланысты эмфиземаның түрлері
А. Альвеолалық және бронхтық
В. Интерстициалық және бронхтық
С. Альвеолалық және интерстициялық
D. Туа біткен және жүре пайда болған
Е. Обтурациялық және интерстициялық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет