|
Күні:
|
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
1.Қазіргі замандағы физиканың рөлі Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу
|
Сабақ тақырыбы
|
Өлшеу құралдары. Физикалық өлшеулердің қателігі.
|
Сабақта іске асатын оқу мақсаты
|
10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз ойын дәйектеу;
10.1.2.1 – жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.2.2 – тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
10.1.2.3 – физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;
|
Бағалау критерий
|
Оқушы
Тура және жанама өлшеулер кезінде абсолют және салыстырмалы қателіктерді анықтайды.
Физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін анықтай алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
каз
|
рус
|
eng
|
абсолютті қателік
|
Абсолютная погрешность
|
absolute error
|
салыстырмалы қателік
|
Относительная погрешность
|
relative error
|
нақтылық және дәлдік
|
Точность и кучность
|
Precision and accuracy
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Негізгі физикалық өлшемдері .... тәуелді емес, ал туынды өлшемдер .... тәуелді
|
Құндылықтар
|
Ұқыптылық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту
|
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу
|
Қазіргі таңда барлық елдерде шаманың мәні эталонға сәйкес бірдей өлшем бірлікте қолданылады.
|
Өмірмен байланыс
|
Нақты уақытты анықтау
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика: дәреже, еселік және үлестік көрсеткіш; сандарды стандарт түрде жазу
|
Алдыңғы білім
|
7-9 сынып: физикалық шамалар, олардың өлшем бірліктері
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Дереккөздер
|
1сабақтың басы
1-10 мин
|
(W) Оқушылардың зейінін шоғырландыру, амандасу; оқушылармен бірге ОМ анықтап алу;
Үй тапсырмасын тексеру: Физикалық өлшеулердің түрлері; тура және жанама өлшеу
|
Презентация
оқушылар өз презентацияларын ұсынады
|
11-20 мин
21—35 мин
|
І. Абсолют және салыстырмалы қателіктер.
Тура және жанама өлшеулер кезіндегі қателікті анықтау.
Өлшеу — арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибе арқылы физикалық шаманың мәнін табу процесі.
Физикада өлшеудің тура және жанама тәсілдері қолданылады.
Тура тәсілде физикалық шаманың мәні тікелей құралдың көрсетуімен анықталады. Мысалы, уақытты - сағатпен немесе секундомермен, ал ұзындықты сызғышпен анықтайды.
Көптеген жағдайларда физикалық шаманы тікелей өлшеу мүмкін емес. Мысалы, сызғыштың жәрдемімен көлемді тікелей табуға болмайды. Бірақ көлемді дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы есептей аламыз. Сондықтан бұл амал жанама тәсіл деп аталады.
Жанама тәсіл – шаманың сандық мәнін белгілі бір формула (тура өлшеу негізінде алынған шама) арқылы анықтау
Өлшеу қателіктері
Барлық өлшеулер қаншалықты нақтылап жүгізілгенмен де, тек жуық нәтижесін береді және өлшеу қателіксіз болмайды.
Сөйтіп біз құралдық (аспаптық) жаңылысы деп аталатын өлшеу қателеріне үнемі кездесіп отырамыз.
Қателікке апаратын кейбір жолдарды қарастырайық:
аспаптың жаңылысы;
Өлшеудің мұқият жүргізілмеуі (секундомерді уақытында қоспау, көру аймағының дұрыс болмауы);
Өлшенетін шаманың құбылмалығы (температура, кернеу, т.б.).
Қателіктің пайда болу сипаты бойынша олар:
Кездейсоқ қателіктер – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген физикалық шаманың тура сол мөлшерін қайталап өлшеулер сериясындағы кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателіктерін құрайды.
Жүйелі қателік – бір физикалық шаманы қайталап өлшеген кезде заңды түрде өзгеретін және тұрақты түрде қалатын өлшеу қателіктерін құрайды. Олардың өзгешелік белгісі, олар болжанған, анықталған және осының арқасында тиісті түзетуді енгізумен толығымен жойылуы мүмкін.
Тікелей өлшеу – бірдей тәжірибелердің көмегімен өлшенетін шамалардың мәндерін анықтау. Кездейсоқ қателіктердің деректерін өңдеу және параметрлерін бағалау математикалық статистика әдістерімен жүргізіледі. Орташа арифметикалық мән немесе өлшенетін шаманың табылған мәндерінің орташасы х кернеу тербелісі, т.б.), т.б..
|