Сабақ тақырыбы: Оралхан Бөкей. «Атау кере» шығармасы. Тағдыр тәлкегі



бет2/4
Дата09.10.2023
өлшемі59,92 Kb.
#184206
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4.10.11 сын.қаз.әд.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Сканерлеп оқу» әдісіне салып оқу. «Бейнемен таныс» әдісімен талдау жасау. Әр топқа мәтін үзінділері таратылады. Сол үзінділер бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады.
1-топ.
А)Бір жұтым ішімдік сұрау үшін арнайы іздеп келген, бір кезде Қарабура атанған Тағанды «көк есек ретінде пайдалансам қайтер еді?» деген ой келген Ерік: «Ей, Қарабура, сен маған еріп жүр.Аузыңнан арақ, алдыңнан тамақ кетпейді»,– дейді. Бұған қуана келіскен Тағанды
жол бойы ішімдіктен беріп қойып, «Екеуміз де бұрынғы палуанбыз. Жол ұзақ, тау
биік, жас мал еңгезердей екі жігітті көтере алмай, қызыл май болып, өкпесі күйіп
кетеді» деген сылтау айтып, атына мінгестірмей, жаяу ертеді.
Б) Бірде Айна үй сыртында екі баласымен өліп жатқан адамды көріп шыңғырып, сол жерде талып қалады. Сөйтсе, бұл терісі сыпырылған баяғыда өзіне тиіспеген, екі қонжығы бар аю екен. Мұның бәріне жайбарақат қараған Ерік аю терілерін Прохор досына беріп жібереді.
2- топ.
А)Катонқарағай өзенінің күркіріне құлағы әбден үйренген Айнада тыным жоқ. Қора жақтағы тауықтарға жем шашады, қымыз ашытады, айран ұйытады. Сал боп жатқан енесіне самаурынның шайын береді.
Б) Айна дәл бүгінгідей көңілі азынап жалғызсырап та, санамен сарғайып сансырап та көрген жоқ. «Бәлкім мен секілді жалғыздықтан жаны жанған әйел өрт болып лаулаған жалынын басар шипа іздеп, суға секіріп, ағып өлген шығар.» Апа, сіз орыс та, қазақ та емессіз. Сіз жер көкте жоқ ұлттың өкілісіз. Ол ұлттың аты-ана.
3-топ.
А)«Жылқышы аулына таянғанда да бұларға қарай зулаған үш ит саңқылдай үріп, жандарына келді, бірі ат үстіндегі Ерікті аударып тастардай қатты өршеленді, ал қалған екеуі Тағанды иіскелейеріп келеді. «Ит қаппайтын кісі болады деген, тегі, рас екен» деп ойлаған Ерік құлақ етін жеп, алды-артын ораған аламойнаққа қамшы сілтеп еді, ит одан ары жінікті. Осы кезде жаяу салпақтаған Таған: «Қой енді!» – деп еді, жағы семді. Енді ол үш иттің қоршауында ежелгі таныстарындай тайраңдай басып
келе жатты. Үйлерінен өре шығып, осы көріністі бақылап тұрған жұрт қайран
қалып еді. Әсіресе, балалар мәз»
Ә)Тәңірім-ау, не айтып отырсың… Өзіміздің Мақаңның – алты алашты
аузына қаратқан Мақажан ақынның немересі ме? Біздің Көкен жарықтықтың
ұлы ма? Ол қайдан жүр бұл ит өлген жерде? –дейді.


Дескриптор:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет