Сабақ тақырыбы Қорқыт күйлері туралы аңыздар. «Башпай»



бет3/4
Дата01.05.2023
өлшемі258,71 Kb.
#175785
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ҚМЖ

ҚБ «Кедергісі бар нүкте»
1. «Ақыл ой картасы» бойынша саған түсінікті болмаған нәрсе ( оқушы жауабы)
2-тапсырма «Ақыл -ой картасына» сүйеніп құрастырған мәтініңізді «Башпай күйі» туралы аңыз мәтінімен салыстырыңыз.
«Болжам кестесі»

Не болады деп ойлаймын?

Шындығында не болды?

Үлгі: Қорқыт қобыз шертеді,
Ақтамақ домбыра
тартады. Ағасы жыланды башпайымен басып өлтіреді. Қарындасы ол күнә дейді.



Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз-түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін маужырап,көзі ілініп кетеді.

Оқиға қалай жалғасады?
Кім басқаша ойлайды?
...Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады.
Оқиға қалай жалғасады?
Кім басқаша ойлайды?
...Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл:"Қандай тілегің бар?"-деп сұрайды Сонда Қорқыт:"Менің өмірде екі күнәм бар.
Ол қандай күнә?
Тағы кімнің басқаша ойы бар?
...Біріншісі-өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай-түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм-сол.
Қорқыттың соңғы тілегі қандай?
Кім басқаша ойлайды?
...Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар.
ҚБ «Соңғы сөзді мен айтамын»
Ал, бүгінгі «Ақыл ой картасы», «Болжам кестесі» , өзінің немесе сыныптасының оқу әрекеті туралы соңғы сөзді кім айтады?
3-тапсырма «Ақыл ой картасына» қайтадан назар аударыңыз. Картаға бүгінгі аңыз мәтінінің тұтас бөлігінен немесе бөлшек бөлігінен қандай ой түйгеніңізді жазыңыз. «Бір сөйлеммен қорыту» бойынша түйінді ой жазамыз.

Сабақ мақсатымен танысады.

1

Оқу мақсатымен танысады;

2

Бағалау критерийін анықтайды;

3

Тапсырманың орындалу сипаты мен қадамдарын түсінеді;

4

Уақытқа сай тапсырманы орындайды;

5

Кері байланыс береді және алады.

6

Нәтижені талдайды.

«Ақыл -ой картасында» берілген суреттер мен сөздерді, сызбаларды өзара байланыстырып, өз ойларынан аңыз мәтінін құрастырады. Болжамдарын кестеге түсіреді.

Жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды.


Нақты аңыз бөліктерімен салыстыру арқылы аңыз мәтінінің мазмұнын бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.


Кестенің «Не болады деп ойлаймын?» бөлігіне «Ақыл -ой картасына» сүйеніп құрастырған мәтін бөлігін жазады.


Интербелсенді тақтадан «Башпай күйі» туралы аңыздың сюжетті бөліктері көрсетіледі. Оқушылар дауыстап оқиды.

Сабақтағы оқу әрекеті бойынша өзіне немесе сыныптасына кері байланыс береді.


Бастапқы «Ақыл ой картасын» қайта алады. Аңыз мәтінінің толық нұсқасын ой елегінен өткізіп, түйінді ой жазады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет