Күні:16.09.2024ж
Сынып: 4А
|
Мектеп: Ә Ақабаев б.м
Мұғалімнің аты-жөні Мәдімәр Н
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Өсімдікке гүл не үшін керек?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
4.2.1.4 - тұқымның таралу жолдарын зерттеу
|
Сабақ мақсаттары
|
тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау
|
Бағалау критерийлері
|
тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
күлте жапырақша
тостағанша жапырақша
жатын
тозаңқап
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топтық жұптық жұмыс арқылы көмек көрсетуге қамқорлық жасауға үйренеді
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүнтетану пәнімен байланыс орнайды
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Акт арқылы гүлдің құрылысы туралы видео көр
|
Бастапқы білім
|
Өсімдік түрлерін біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
ОМ таныстыру
гүлдің құрылысымен танысасың;
гүлдің өсімдік үшін маңызын білесің
|
|
Сабақтың ортасы
|
«Өсімдікке гүл не үшін қажет?»
Әдемілік үшін, хош иіс үшін деген сияқты пікір айтылуы мүмкін.
Жеміс өсімдіктің қай мүшесінде жетіледі ?
Неліктен олай ойлайсың?
Гүлдің құрылысы.
Оқушыларға кез-келген гүлдің құрылысын салуды ұсыну.
Бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында орындайды. Енді гүлдің құрылысы салынған, бөліктерінің атаулары жазылған плакат ілу. Оқушылардан өз суреттерін плакаттағы суретпен салыстыруды сұрау. Олар плакатта гүлдің құрылысы толық, анық бейнеленгенін айтады. Осы сурет арқылы оқушылар гүлдің құрылысымен, олардың атауларымен танысады. Енді оқулықтағы тапсырма мен суретке назар аударту.
Олар тапсырманы жұпта талқылау
Негеш пен Эврика салған гүлдің суретіне қара. . Эвриканың салған суретінде қандай бөліктері бейнеленген? (Сабағы, жапырағы, күлте жапырақшалары.) Ал қандай бөліктері көрсетілмеген? (Тостағанша жапырақтары, жатыны мен тозаңқаптары.)
Бұл бөліктер барлық гүлдерде бола ма? –
Оқушылар кез келген гүлде осы бөліктердің болатынын түсінуі керек.
Олардың гүл үшін қандай маңызы болуы мүмкін? –
Анықта. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырманың жалғасы болып табылады және гүлдің бөліктерінің қызметтерімен танысуға көмектеседі. Сыныпта ортақ талқылау жүргізе отырып, оқушылар оқулықта ұсынылған пікірлерді оқиды да, онда қай бөлік туралы айтылып тұрғанын табады.
(«Мен алыстан көзге түсемін, ашық реңді, түрлі түстімін» – Күлте.
«Мен гүлді сыртынан қоршап, қорғаймын» – Тостағанша.
«Мен гүлдің дәл ортасында тұрамын. Менде жеміс түзіледі» – Жатын.
«Мен көппін әрі қапшыққа ұқсаймын» – Тозаңқап.). Жауап беру үшін оқулықтағы суретті пайдалана алады.
Оқушылардан гүл бөліктерінің қызметтерін толық түсіндіріп беруді сұрау.
Ойлан. Көбелектің гүлді қалай тауып қонатыны туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау. Балалар көбелектің гүлді тауып қонуына оның күлте жапырақшаларының ашық реңі мен хош иісі көмектесетінін айтады.
Тозаңқаптар. Оқушыларға әртүрлі бөлме гүлдерін немесе суреттері мен модельдерін ұсыну.
Оқушылар тозаңқаптарды тауып анықтайды, санайды, салыстырады. Тозаңқаптардың міндетті түрде жатынның айналасында орналасатынына назар аударуы маңызды.
(Т) Модель жаса.
Оқушыларға түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім немесе сол тәрізді модельдеуге қажет ресурстар таратып беру. Гүл бөлігінің қызметі мен ерекшелігін түсіндіріп үйренеді.
Жүргізуге арналған нұсқаулық:
1. Гүл құрылысын зерделейді.
2. Қағаздан гүл бөліктерін қияды.
3. Бөліктерді жинақтайды, желімдейді.
4. Гүл бөліктеріне сипаттама береді.
5. Қорытынды жасайды. Саралауды жүзеге асыру үшін кейбір оқушыларға өз қалаулары бойынша гүл бөліктеріне қатысты қосымша ақпараттар ұсынуға мүмкіндік жаса керек.
Сен білесің бе?
Кейбір гүлдер жер қойнауындағы пайдалы қазбаны табуға көмектеседі.
Мысалы, Адонис гүлі әк мол жерде, қожағай немесе шегіргүл мырыш көп жерде жақсы өседі. Ал Ява аралындағы Пангранто тауындағы бәйшешектер тек жанартау оянардың алдында ғана гүлдейді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар
Гүлдің қызметі
1. Сызбада күлте жапырақша, тостағанша жапырақша, жатын, тозаңқапты сызықшамен көрсетіп, атап жазады.
2. Гүлдің шірнесімен қоректене отырып, балара бал жинайды. Бүл симбиозға мысал. Бір жағынан, балара гүлден қорек алады, екінші жағынан балара гүлдің таралуына көмектеседі.
|
.
|
Сабақтың соңы
|
Бүгін сабақта не біліп не түсіндің?
Біліміңді ортаға сал.
Кері байланыс
Ойыңды ортаға сал.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
|
|