Сабақ Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі Өткізген: Утемуратова К. Ж



Дата12.10.2020
өлшемі22,37 Kb.
#68298
түріСабақ



Шаймерден Қосшығұлұлы атындағы Қоғам орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі

Өткізген: Утемуратова К. Ж.

Пәні: Дүние тану



2016-2017

Өсімдіктердің көбеюі

Сабақтың мақсаты: өсімдіктердің тірі табиғат екенін дәлелдеу . Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі жайлы түсінік беру. Өсімдіктердің көбею жолдары туралы білім беру. Жеміс тұқымының өмірлік маңызын анықтау. Дүние танымын кеңейте отырып сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Табиғатты қорғауға үйрету арқылы, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру сабағы.

Сабақтың түрі: патриоттық және аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: жұптық, өздік, топтық жұмыстар.

Көрнекілігі: слайд, тірек сызбалар, тест, жеміс, тұқымдар, күн және жел энергиясы, Экспо қалашығы, тақпақтар, мақал мәтелдер, картоп, пияз, практикалық жұмыс, адыраспан , буклет т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қонақтармен амандасу:

Үлкенге де сіз ,

Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Екі екіден жұптастырып 2-топқа бөлу:

(Жасырынған суреттерді ғимараттан алып, әр топ өз орындарына отырады)

1-ж ұп «ЭКСПО -2017» тобы \ 2-жұп «МӘҢГІЛІК ЕЛ» тобы

Психологиялық дайындық:

Әр күнің нұрлы болсын! Алланың нұры жаусын ! Мейірімді бол!

Инаббатты бол! Күнің шуақты болсын! Сәттілік тілеймін ! Қайырымды бол! Шыншыл бол! Ата анаң аман болсын! Күннің шапағатына бөлен!

Көңілді жүр !Бақытты бол! Қуанышты күндерің көп болсын! Тек жақсылық тілеймін !

Қыран құстай самғаймыз, Барлық жерді аралап,

Әлемді біз шарлаймыз. Өсімдікті қорғаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Слайд:


Бір жылдық өсімдік. Екі жылдық өсімдік . Көп жылдық өсімдік.

бидай, күнбағыс, орамжапырақ, пияз, адыраспан, емен,

қызанақ құлпынай сексеуіл

Жаңа тақырыпты «Адасқан буындар» ойынымен табу

Ақпанның 23- і

Сынып жұмысы

Өсімдіктердің көбеюі.

Слайд: Көбею барлық тірі табиғатқа тән қасиет . Тұқым арқылы көбеюі. Тамырсабақ , пиязшық , түйнек , мұртша арқылы көбею .Сабақ , жапырақ , тамыр арқылы көбеюі . Топыраққа еккен тұқымнан жаңа өсімдік өніп шығады . Өсімдіктер көбеюінің табиғаттағы , адам өміріндегі маңызы өте зор . Осылай өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілігі жалғасады.

Кейбір өсімдіктер өзінің жер астындағы бөлігінен өседі . Мұндай өсімдіктердің топырақ арасында тамырсабақтары түйнек, пиязшықтары болады .

Тұқымдар әр түрлі :Қайың тұқымдарының ұшатын қанатшалары болады, қоға өсімдігінің тұқымы түкті үлпілдек желмен ұша жөнеледі ,қара сұлының тұқымы үшкір ұштарымен жерге қадалады

Слайд :

1- Тұқым арқылы дәнді дақылдар мен гүлдерді көбейтіп, өсіруге болады.

2--Бір пиязшықтан күзге қарай бірнеше пиязшық пайда болады.

Пияз , сарымсақ , қызғалдақ

3—Түйнек өсімдіктің топырақ арасындағы сабағының жуандаған жері.

Картоп, жералмұрты , теңбілгүл

4—Тамыр сабақтың бір түтамынан күзде жаңа өсімдік өсіп шығады.

Таушымылдық , інжугүл , құртқашаш

Ағаштар жер бетіндегі сабағының бір тұтамынан(қалемшесінен) көбейеді.

Қарақат , тошала , жүзім

Сергіту сәті :

Тақтада және дәптерде «Күн энергиясының» тапсырмалары: Өздік жұмыс :

Өсімдіктер – тұқымнан , пиязшықтан , түйнектен , тамырсабақтан көбейеді .

Бір өсімдіктің суретін салу.

Бағалау:

«Жел энергиясының» тапсырмалары :Сәйкестік ТЕСТІ:

Жұптық жұмыс:

«ЭКСПО -2017» тобы «МӘҢГІЛІК ЕЛ» тобы

Слайд:

Өнеді сабақ картоп жемісі



өседі тұқым қызанақ тамыр жеміс

көбейеді тамыр сәбіз дәні

қурайды гүл бидай түйнегі

Оқулықтан тақырыпты оқу:

Бағалау:

Ойын: «Тұқымды айыра білу»

(Бастарына карона киеді )

Тақпақтар, мақал мәтелдер айту. Өздерінің өсірген өсімдіктерін көрсету.

Оқушылар: «ЖАСЫЛ ЕЛ» бағдарламасына осылай өз үлесімізді қосамыз.

Бағалау:


Топтық жұмыс: (Еденге қойылған бір өсімдікке ПОСТЕР құру)

Өсімдікке нелер қажет ,өсімдік мүшелерін ата ?

Топырақ, су, ауа, жылу, жарық , тамыр, сабақ , жапырақ ,гүл, түйін , жеміс

КҮНДЕЛІККЕ бағалау:

Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу ,ережесін жаттау ,суретін салу.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ тапсырма :

Әдемі қызыл гүл көрдің? Не істейсің ? Табиғатты қалай қорғайсың?

Кері байланыс: Мұғалім (Оқушылар бүгінгі сабақ ұнадыма ? Оқушылар ұнады , бас саусағын көрсетіп ,екі қолын шапалақтайды , ҰСТАЗЫНА ізгі тілектерін айтады)

--Білім бергеніңіз үшін рақмет!

--Оқуға үйреткеніңіз үшін рахмет!

--Ақыл - кеңесіңіз үшін рахмет!

--Жылы жүрегіңіз үшін рахмет!



--Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

Оқушылар ҰСТАЗДАРМЕН қоштасады .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет