Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Ойқозғау.
– Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
– Күнде жақсы тілекті қайдан естисің?
– Дастарқан басында, жолға шыққанда, үлкендерге көмек жасағанда т.б.
Тапсырма. Бата – жақсы тілек білдіру. Ол – ұлттық дәстүрі. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.
Тапсырма. «Бата» сөзін қалай түсінетініңді жаз.
Топтық жұмыс.
«Кім көп біледі?» ойыны. Кім көп бата білетіні анықталады.
Топтық жұмыс.
Автормен танысу айдары. Н. Айтұлы.
Тапсырма. Өлеңнің авторы туралы әңгімеле. Суреттер топтамасын пайдалан.
Тапсырма. Бата бергенде үлкен кісілер қандай сөздерді айтады? Естігеніңді, білетініңді тізбектеп жазып шық.
Дескриптор:
кейіпкердің портретін сипаттай алады.
кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен табады.
кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |