Пән: Әдебиеттік оқу
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3-сынып
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ тақырыбы
|
Табиғаттағы байланыс
Терек пен қабығы. (Мысал) Бейсебай Кірісбайұлы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау.
3.1.3.1 – шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсінеді, ойын жеткізеді.
Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына жоспар құрады.
Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұнын сахналайды.
|
Бағалау критерийлері
|
шығарманың мазмұнын түсінеді, ойын жеткізеді.
шығарманың мазмұнына жоспар құрады.
шығарманың мазмұнын сахналайды.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, қазақ тілі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
|
Ресурстар
|
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
|
Сабақтың_барысы'>Бастапқы білім
|
Т. Молдағалиев. «Туған өлке гүлдері»
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал . «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
|