Сабақ тақырыбы Ою-өрнек өнері



Дата06.02.2022
өлшемі281,12 Kb.
#81733
түріСабақ
Байланысты:
Аяжан еңбек қмж


Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5 Бөлім: Өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Ою-өрнек өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.2
Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу

Сабақ мақсаттары

  • Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлерімен танысу, олардың ерекшеліктерін сипаттау;

  • Ұлттық ыдысты ою-өрнекпен безендіру;

Жетістік критерийлері

Тілдік мақсаттар



Әртүрлі ою-өрнек түрлерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:



  • Қандай ою-өрнек түрлерін білесіндер?

  • Ұллтық ою-өрнектер несімен ерекшеленеді?

  • Ұлттық ою-өрнектер қайда қолданылады?

  • Ұлттық ыдыстарды безендіруде шеберлер қандай ою-өрнектерді қолданады?


Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім



Өнер түрлерімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ұлттық бұйымдарды (ыдыстарды) көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).

  • Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Алдынғы сабақтарда ежелгі дәуір өнерімен таныстыңыздар, сол замандағы ыдыстардың пішіндерін жасап, оларды безендірдіңіздер, бүгінгі сабақта ою-өрнек өнерімен танысасыздар.


Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.









Сабақтың ортасы

Сыныпқа арналған сұрақтар:

  • Қандай ұлттық ыдыстарды білесіздер?

  • Олар қандай ою – өрнектермен безендірілген?

Оқушылармен ежелгі нысандар, ою-өрнектермен безендірілген ыдыс түрлерін қарастырыңыздар (мысалы, теріден жасалған қазақтың торсығы, орыс самаурыны, ежелгі грек амфоры және т.б.).


О
қушыларды топқа бөліңіз, тапсырманы түсіндіріңіз. Оқушылар өз топтарында белгілі бір ұлттың ыдысын жан-жақты қарастырады, оларда қолданылған ою-өрнектерді талқылайды, әр ұлттың ою-өрнектерінің ерекшеліктерімен танысады. Оқушылар жинаған ақпараттарын постер ретінде визуациялап сынып алдында таныстырады.
Топтарда берілген сұрақтарды талқылаңыз:
1. Сіздер қандай бұйым қарастырып отырсыздар?
2. Көрсетілген ыдыстар қалай безендірілген?
3. Безендіруде қолданылған ою-өрнектер қандай? Сипаттап беріңіз?
4. Қандай материалдан жасалғаны және ыдыс-аяқтың сәндік өнермен безендірілуіне байланысты халықтардың мәдениетінде байланыс бар ма?

О
қушылар жасаған постерлерімен басқа топтарды таныстырады, өз ойларын ортаға салады, бірге талқылайды, әр ұлттың ою-өрнектерінің ерекшеліктерімен танысып, оларға сипаттама береді.


Т
әжірибелік жұмыс

Оқушылар өздеріне ұнайтын ыдыстың түрін және оны безендіру стилін таңдайды. Оларды безендіру үшін қолданатың ою-өрнектерді анықтайды.
Оқушылар А4 форматы көлемінде қатты қағаздан жасалған ұлттық ыдыс үлгісін қолданады (мысалы, торсық, тостаған, орыс самауырыны және т.б.). Дайын үлгіні оқушылар ұлттық ою-өрнектермен безендіреді.

Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.


Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.


Оқушылармен барлық орындалған жұмыстарды жинап алыңыздар. Ортақ фонға жабыстыра отырып, сәндік композиция құрастырыңыздар.





Ұлттық ою өрнектің сыры неде

https://www.youtube.com/watch?v=8mdhsR_u69Q


https://www.youtube.com/watch?v=WJZyFuUgMYE
Әр түрлі пішінді және әр түрлі безендірілген ежелгі немесе заманауи ыдыс-аяқтар көрсетлген фотосуреттер немесе жұмыстар.

Сабақтың соңы

Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды
Рефлексия:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет