Оқушыларға келесі тапсырманы орындауды және берілген дұрыс жауаптар бойынша өзара бағалау жүргізуді ұсыну
Есептер:
1. АО≠ОВ болатындай АВ кесіндісі О нүктесінде қиылысатын с түзуімен перпендикуляр. С түзуіне қатысты А және В нүктелері симметриялы ма?
2. а түзуі МК кесіндісін нольден өзге бұрышта ортасынан қиып өтеді. А түзуіне қатысты М және К нүктелері симметриялы ма?
3. М(7;2) және К(-7;2) нүктелері қай координаттық оське қатысты симметриялы?
4. А(5;…) және В(…;2) нүктелері Ох осіне қатысты симметриялы. Олардың бос орындағы координаттарын жазыңыздар.
5. В нүктесі А(-2;3) нүктесіне Ох осіне қатысты симметриялы, С нүктесі В нүктесіне Оу осіне қатысты симметриялы. С нүктесінің координаттарын табыңыздар
6. В нүктесі А(3;1) нүктесіне у = х түзуіне қатысты симметриялы. В нүктесінің координаттарын табыңыздар.
7. Суретте көрсетілген жағдайдың әрқайсысына с түзуіне қатысты А және В нүктелеріне симметриялы А' және В' нүктелерін салыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |