Сабақ тақырыбы Қозғалыс және оның қасиеттері



бет1/3
Дата20.02.2020
өлшемі203,75 Kb.
#58518
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
2-сабак


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3 В Жазықтықтағы түрлендірулер



Мектеп: ХББ НЗМ Қарағанды қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс және оның қасиеттері




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.8 қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу;

9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу;

9.1.4.10 жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару;


Сабақ

мақсаттары

Жазықтықта фигураларды түрлендірудің бір түрі - қозғалыс және оның қасиеттерін қайталау.

Бағалау

критерийлері

  • Қозғалыстың анықтамасын біледі;

  • Қозғалыстың түрлерін, композицияларын, қасиеттерін біледі;

  • Қозғалыс кезінде жазықтықтағы фигуралардың бейнелерін сала алады;

  • Жазықтықтағы түрлендіруді қолданып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Түрлендіру барысында не өзгеретінін және өзгергенде не өзгермейтіндігін ауызша түсіндіреді.



Пәндік лексика мен терминология

  • Қозғалыс;

  • Центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру;

  • Центрлі-симметриялы фигуралар.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Нүктелер арасындағы қашықтық сақталады;

  • Нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді;

  • … әртүрлі жақтарында;

  • … бір жағында;

  • … түзуіне ортақ перпендикулярында;

  • … бірдей қашықтықта;

  • фигура өз-өзіне көшеді;

  • берілген фигураныңсимметрия осі;

  • О центрімен бұрышқа бұрылу.

Құндылықтарды

дарыту



Құрмет. Есептердің шығару жолын талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірі мен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық. Берілген жұптық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әртүрлі пікірлерді қабылдай алу.

Еңбек және шығармашылық. Өздігінен ақпаратты таба алу, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қою және оларды шеше білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұтымды пайдалана білу. Оқушылардың өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

Аталған құндылықтар берілген сабақта жоспарланған жұмыстар негізінде дарытылады.



Пәнаралық

байланыстар

Сәулет өнері

АКТ қолдану

дағдылары

Оқушылар презентациямен жұмыс жасай алады, ИКТ жазу үшін қолданады.

Бастапқы білім


Үшбұрыштар теңдігінің қасиеттері туралы білімі; вектор ұғымы туралы білімі; үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттері туралы білімі. Фигураларды бейнелеу кезінде сызба әрекеттерін қолдана алу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

  • Мұғалім оқушылардың назаларын шоғырландырады;

  • оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ айқындайды;

  • оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау;

  • Үй жұмысын тексеру

Слайд 1-4

5 мин

Оқушыларға қозғалыстың түрлеріне суретті сәйкестендіруді ұсыну

Осьтік симметрия



Центрлік симметрия



Бұру




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет