Мұнайлы ауданы
Атамекен селосы
№ 7 орта мектебі
Сайыс сабақ
Тақырыбы: Озық ойлы дарындылар
Өткізген: Сарсенова К.
Сыныбы: 7 сыныптар
2016/2017 оқу жылы
Күні: 26.10.2016жыл
Тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»
Мақсаты:
1.Информатика пәнінен білімдерін бағалау.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 7 сынып оқушылары
Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Информатика әлемінде» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Озық ойлы дарындылар» сайысына 7 «а, ә, б және г» сыныптарынан құралған «Компьютер», «Монитор», «Принтер» және «Пернетақта» атты 4 команда қатысады. Сайыс 6 тур бойынша өткізіледі.
І. тур. «Ойлан тап!»
ІІ. тур. «Кім епті, еркін ойлы?».
ІІІ. тур. «Кім жылдам».
ІV.Сергіту сәті
V. Тур «Жас техник»
VI. тур. «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт».
VІI. тур. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып қөріңдер.
1- кезең. «Ойлан тап». Бұл бөлімде 3 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе, онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Баспаға басып шығару құрылғысы? ( принтер)
Ең бірінші программист? ( Ада Августа Лавлейс)
Компьютердің атасы, аналитикалық машинаны ойлап тапқан адам? ( Чарьлз Бэббидж)
Компьютердің жады дегеніміз не ? ( Ақпараттарды есте сақтау құрылғысы)
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
Паскаль тілін енгізген кім? (Никлаус Вирт)
Программалық жабдықтамалар нешеге болінеді және қандай?( жүйелік және қолданбалы)
Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютер іске қосылған кезде жүктелетін программа, компьютердің барлық құрылғыларын басқарып, адам мен компьютер арасындарығ сұхбатты ұйымдастырушы программа)
ЭЕМ- нің неше буыны бар, біз қай буынға жатамыз? (5- буыны бар, біз 4-ші буынға жатамыз)
Санау жүйесі дегеніміз не ? ( Белгілі бір символдардың жиынтығының көмегімен сандарды жазу әдістері мен ережелерінің жиынтығы)
Компьютерде өңделетін ақпараттың түрлерін ата ( дыбыстық, графикалық, бейнелік, сандық, мәтіндік)
Графикалық бейнелер неше түрге бөлінеді (растрлық, векторлық, фракталдық)
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
Ақпараттарды енгізу құрылғыларын ата.
Ақпаратты шығару құрылғыларын ата.
2 тур. «Кім епті, еркін ойлы?».
Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.
Тышқан, кактус, сканер, пернетақта, компьютер, принтер,монитор, наушник.
Сайысымыздың ІII кезеңі «Кім жылдам».
Бұл турда оқушылар берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 10 ұпай беріледі:
«Компьютер» тобына:
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп аталады. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп аталады. Кодтауға қолданған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.
«Принтер» тобына:
Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса, ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі. Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.
«Пернетақта» тобына:
Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпарат бірнеше рет қайта кодталады, яғни өзінің ұсыну бейнесін өзгертеді. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді.
«Монитор» тобына:
Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекет жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.
Сонымен дәл сипатталған тапсырма алгоритм деп аталады. Алгоритмдегі кез келген іс – әрекет бұйрық деп аталады
Сергіту сәті: Көңілді күн
ІV тур. «Жас техник» -шығармашылық жұмыс.
Біз ЭЕМ – нің 5- буыны бар екенін білеміз. Егер сенің қолыңда болса, 5- буынды компьютерді сен қандай етіп жасар едің?
Әр топ бірлесе ойланып, 5 буынды компьютердің жобасын құрып, мүмкіндіктерін сипаттайды.
|
|
V. тур. «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт» бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
VІ. тур. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.
1. Сенің атың кім?
2. Жасың нешеде?
3. Таңертең не жедің?
4. Сенің фамилияң қалай?
5. Нешінші сыныпта оқисың?
6. Мектепке немен келесің?
7. Сенің досыңның аты кім?
8. Қандай пәнді ұнатасың?
9. Сен болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).
Достарыңызбен бөлісу: |