1-қосымша. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1.Энергия деп нені айтамыз?
2.Энергияның SI жүйесіндегі өлшем бірлігін атаңдар.
3.Энергияны қандай әрпіпен белгілейміз?
4.Энергияның формуласы қандай?
5.Энергия қандай шама?
6. Энергияның қандай түрлері бар?
7. Потенциалдықэнергия деп нені айтамыз?
8. Кинетикалық энергия деп нені айтамыз?
9.Потенциалдық энергиялары бар денелерге мысал келтіріңдер.
10. Кинетикалық энергиялары бар денелерге мысал келтіріңдер.
11.Кинетикалық энергия неге тәуелді болады?
12. Кинетикалық энергияның дене жылдамдығына тәуелді болатынын дәлелдеңдер.
13. Потенциалдықэнергия неге тәуелді болады?
2-қосымша. Бензин жанғанда неге автомобиль қозғалысқа келеді?
3-қосымша. «Жұптық әңгіме» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты бір - біріне түсіндіреді, ой түйіндейді.
Егер дене жұмыс жасауға қабілетті болса, онда оның энергиясы бар дейді.
“Энергия” ұғымының нені сипаттайтынын анықтайық.
Энергия күрделі ұғым болып табылады. Ол “жұмыс” және “қозғалыс” ұғымдарымен тікелей байланысқан. Мысалы, қозғалып келе жатқан дененің энергиясы бар. Ол тыныштықтағы денеге осы жылдамдықты беру үшін жасалатын жұмысқа тең; сарқыраманың энергиясы болғандықтан, ол электрстансысындағы турбинаны қозғалысқа келтіреді. Демек, Энергия — дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі. Машина (механизм, қозғалтқыш) жұмыс жасауы үшін оның белгілі бір энергиясы болуы тиіс. Мысалы, автомобильдің қозғалтқышы жұмыс жасауы үшін автомобильге бензин құйылады. Бензин жанғанда энергиясын қозғалтқышқа береді де, автомобиль қозғалысқа келеді (5.6-сурет).
|