Сабақ тақырыбы Потенциалдық энергия. Кинетикалық энергия



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі436,06 Kb.
#34578
түріСабақ
1   2   3   4
Жел қозғалтқышы жұмыс жасауы үшін жел қажет (5.7-сурет).

Дене неғұрлым көбірек жұмыс жасай алса, соғұрлым оның энер­гиясы да көп болады.

Энергияны жұмыстың өлшем бірлігі джоульмен өрнектейді.

Физикалық шама ретінде энергияны Е әрпімен белгілейді.



Механикада энергияның екі түрі бар: кинетикалық және потен­циалдық энергиялар. Әрі қарай осы энергия түрлерін қарастырамыз. Денелердің қозғалысы салдарынан туындайтын энергияны ки­нетикалық энергия (Ек) деп атайды. Белгілі бір күштің әрекетінен қозғалысқа келген барлық дене­лердің кинетикалық энергиясы бар және неғұрлым дененің массасы үлкен және жылдамдығы жоғары болса, соғұрлым оның кинетика­лық энергиясы көбірек болады (5.8-сурет).

Кинетикалық энергияны формуласымен анықтайды.

Егер горизонталь жазықтық бойымен қозғалған дене жыл­дамдығын күштің әрекетінен өзгертсе, онда бұл күштің жұмысы дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне әкеледі. Бұл жағдайда кинетикалық энергия туралы теорема орынды.

Кинетикалық энергия салыстырмалы шама болып табылады, өйткені жылдамдық — салыстырмалы шама, әртүрлі санақ жүйелерінде ол түрліше болады.

Енді өзара әрекеттесуші денелердің энер­гиясы деп аталатын потенциалдық энергияға тоқталайық.

Потенциалдық энергия (Еp) деп өзара әрекеттесуші денелердің (немесе бір ғана дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

4-қосымша.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет