Жұмысты қорғау. Топтық жұмыс. Әр топ өз жұмысын сынып алдында ұсынады. Топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы пікір алмасады, бірін-бірі бағалайды.
Бағалау түрі: Бірін-бірі бағалау.
Дағды: Білу және түсіну
Дескрипторлар: - процессордың қызметін біледі;
- процессордың түрлерін біледі;
- процессордың құрамына кіретін құрылғыларды біледі;
- разрядтылық, тактілік жиілік, ядролар санының не екенін біледі;
- процессордың негізгі сипаттамаларын біле отырып, процессордың әр түрлі модельдерін салыстыра алады.
Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.
Қажет болса, мұғалімнің көмегі.
Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі – күрделендіру.
Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау үшін топтардың бірін-бірі бағалау ұсынылады.
Сабақ соңында рефлексия өткізу арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.
Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.