Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою. 1. Қай жағдайда қосындыны көбейтінді түрінде өрнектеуге болады? 2. Көбейтуді әрдайым қосу амалын қолданып есептпеуге бола ма? Мысал келтіріңдер. 3. Екі санның көбейтіндісі оң сан. Көбейткіштердің таңбалары қандай болуы мүмкін? 4. көбейткіштердің таңбаларын анықтаңдар. 5. Теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтіндінің таңбасы қандай болады? 6. Натурал сандардың жұптығын, тақтығын өрнектейтін формулаларды еске түсіріп жазып көрсетіңдер. 7. Көбейтудің қасиеттерін жазып беріңдер. Үйге тапсырма беру, түсіндіру. Оқушылар білімін бағалау. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Сабақ бойынша әрбір оқушы рефлексия жасайды. Рефлексияны жазбаша жүргізу керек.