Сабақ тақырыбы Рационал сандарды көбейту



бет61/128
Дата08.02.2022
өлшемі13,26 Mb.
#123490
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   128
Байланысты:
6 сынып2 токсан

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру.
а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
б) «жоғары-төмен» схемасы бойынша жұпқа бөлу;
с) оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау (олар өздерінің көңіл - күйлерін қағазға түсіреді, бір - біріне көрсетеді).
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Тапсырма 1.
Сабақ басында оқушылардың 5-сыныпта өткен оқу мақсаты мен жаңа сабақты байланыстыру үшін келесі тапсырма ұсынылады.
1-сурет.
1-суретті пайдалана отырып және қызыл шаршы қабырғасын а ретінде, ал сары тіктөртбұрыштың қабырға ұзындығын в ретінде қабылдап, мыналарды жазыңыз:
1. бір қызыл шаршы периметрін;
2. бір сары тіктөртбұрыш периметрін;
3. үш қызыл шаршыдан құрылған тіктөртбұрыштың периметрін;
4. екі сары тіктөртбұрыш периметрін;
5. үш қызыл шаршыдан және ортақ қабырғасы бар екі сары тіктөртбұрыштан құрылған фигура периметрі.
Мұғалім оқушылардың назарын әріпті өрнектерді дұрыс оқуға және жазуға аударады
Мысалы: 3а + 2b өрнегін «Үш еселенген а мәннің және екі еселенген b мәннің қосындысы».



Тақырыпты ашу. Ашық сұрақ тастау.
Түрткі сұрақ:

  • санды және әріпті болып бөлінетін математикалық термин қалай аталады?

Сыннан өткізу сұрағы:

  • өрнектің мәнін қалай табамыз?

Басқаға бағыттау сұрағы:

  • өрнек туралы біз тағы не білеміз?

  • сандардан, әріптерден, таңбалардан не құрастырылады?

Дұрыс жауап берген жұптар марапатталады.
Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз– Алгебралық өрнек.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»



6 сынып оқулығы. 1-бөлім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет