1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Сыныпты топқа бөлу (ру аттары жазылған қағаз қиындылары беріліп, сол арқылы «Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз» деп үш топқа бөлінеді.)
3. Үй тапсырмасын сұрау:
Алдыңғы білім «Кім жылдам» әдісі .
- Ресей империясының отаршылдық саясатының себептері мен мақсаты қандай болды?
- ХҮІІІ ғ қазақтар Орынбордан бөлек қандай қамалдар мен шептерде сауда саттық жасады?
- Неліктен Ресей ХҮІІІ ғ екінші жартысында қазақ жерін отарлауға асықты?
- Ресей империясын отарлаудың қандай әдістерін ұстанды?
- Неліктен қазақтарда хандық билік әлсірей бастады?
- «Ақсақалдар кеңесі», «Билер соты» деп аталатын басшылық органдарды құруды отаршылдар неге қолдады деп ойлайсыздар?
ҚБ «Бас бармақ» әдісі
Ой шақыру, тақырыпқа шығу
«Болжау әдісі»
Оқушылар суреттерді түрлі ретте қоя алады, тапсырманың басты мақсаты: көтеріліс себебін анықтайды. Берілген суреттер арқылы тақырыптың идеясын ашады.
Оқушылар патша өкіметінің осы кезеңге дейін жүргізген отаршылдық саясатын еске түсіреді, мысалдар келтіреді.
Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:
-Сіздердің келтірген мысалдарыңызға қарай қарапайым халық бұқарасы наразылық ретінде қандай іс-әрекетке баруы мүмкін?
-Жалпы адамдар өздерінің наразылығын қалай көрсетеді?
Ұлт- азаттық қозғалыс ұғымына анықтама беріледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары хабарланады.
Сыныппен төмендегі терминология түсініктерін талқылау ұйымдастырылады.
Жаңа тақырып басталмас бұрын жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылар түсініп алуы үшін «Қос жазба күнделігі» әдісі ұйымдастырылады. Жаңа ұғымдар мен оның мағынасы карточкалар есебінде қиылып, таратылған қағазға жазылады. Оқушылар жұптасып тапсырмаларды орындайды.
Пәндік лексика мен терминология:
Отар (колония)
|
бір елге тәуелді ел
|
Отарлау (колонизация)
|
күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты мен іс-әрекеті
|
Отаршылдық (колониализм)
|
Жергілікті халықты күшпен бағындыру, оның екі түрі бар ішкі және сыртқы отаршылдық өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және шаруашылық үшін игеру
|
Ұлт азаттық қозғалыс
национально-освободительная борьба
|
ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес
|
Әкімшілік басқару-административное управление
|
Ресей империясының қазақ жерін басқару үшін дайындаған реформалары
|
Дескриптор:
1. Отар, отарлау, отаршылдық (ішкі, сыртқы)сөздеріне түсінік береді;
2. Ұлт азаттық қозғалыс ұғымын түсінеді
ҚБ «+», «-» қызықты әдісі арқылы бағаланады
Қазақстан Республикасының туы бейнеленген жалауша беру арқылы бағалаймын
ҚБ «Үш жұлдыз»
Жақсы жауап берген оқушыға - жасыл түс
Орташа жауап берген оқушыға – сары түс
Толық емес жауап берген оқушыға - қызыл түс
Қазақстан Республикасының туы бейнеленген жалауша беру арқылы бағалаймын
|