Тақырыпқа когнитивті қызығушылықты қолдау және дамыту.
- Ақпарат әлеміндегі адам.
Адам өзінің бүкіл тарихынан байқап, есте сақтап, сыртқы әлемнен алған ақпаратты жеткізді. Бүгін біз ақпараттар «мұхитында» өмір сүреміз деп айта аламыз.
- Ақпараттың көбейгені соншалықты, адамның оны қолмен өңдеуі күннен күнге қиындауда. Адам үлкен ақпараттарды өңдеуді жеңілдету үшін қандай құрал ойлап тапты?
- Компьютердің қандай құрылғылары бар екенін еске түсірейік?
- Компьютер қандай деректерді өңдей алады?
- Схеманы қараңыз. Деректердің қандай болатынын есіңізде сақтаңыз?
Жаңа білімнің ашылуы.
Әрбір ережеден кейін мұғалім сұрақ қояды: неге білімалушы осы ережені ұстануы керек?
Білімалушылар видеодан алған ақпараттары бойынша постер жасайды.
Бұдан кейін мұғалім енгізус-шығару құрылғылары мен компьютерлік бағдарламалар арасындағы логикалық байланысты қалыптастыруға көмектесетін сұрақтарды қояды:
Сіз қандай енгізу-шығару құрылғыларын қолдандыңыз?
Суретті ненің көмегімен жасауға болады?
Бұдан кейін мұғалім «Фиксики. Фотоаппарат» мультфильмінен бейне көрсетеді. Басталу уақыты: 1:30.
Видеоны тамашалап болған соң бақылау сұрақтарына жауап беру сұралады.
1) Фотосуреттің түсірілімі қай бөлігінде көрсетіледі?
2) Камераның енгізу құрылғысы деп нені айтамыз?
3) Компьютере фотосуретті қалай қарауға болады?
Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Білімалушылар мұғаліммен бірге оқыту мақсату үшін арналған дискрипторларды талқылайды. Мұғалім параллель түрде тақтаға жалпы дискрипторларды жазады. Мұғалім білімалушыларға тапсырмаларды орындауды ұсынады.
Көзге арналған физикалық сергіту сәтін жүргізеді. Мұғалім білімалушылармен бірге музыкалық әуенмен көзге арналған жаттығу жасайды.
Тәжірибелік жұмыстарды орындау.
Топтық жұмыс.
Білімалушылармен белсенділік (активити) жүргізу: Білімалушыларды топтарға бөліп, келесі тапсырмаларды береміз:
Жұмбақтарды шешіңіз.
Тапсырма 1: а) Үстел үстінде сандық тұр, ішінде бар терезе, егер тілін білсеңіз ғажайыптарды көресіз.
ә) Көзіменен көрсетеді, сөйлемей–ақ айтар бәрін, алдына оның келсе теңі.
Тапсырма 2: Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар, Кілемше үстінде тұрамын, Ең қажетті құралмын.
Тапсырма 3: Бар нәрсеге жетік. Миы күшті тетік. Ол арқылы сөйлесіп. Кетесің шетелге де өтіп.
Білімалушылар мұғаліммен бірге тапсырманы орындау барысында нәтижеге жету үшін дискриптор құрастырады. Фронтальді әңгіме жүргізу.
Дискрипторлар үлгісі:
1) компьютер құрылғыларының тағайындамасын түсіндіреді;
2) енгізу-шығару құрылғыларын ажырата біледі;
3) енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс жасау барысында ҚТ ережелерін ұстанады.
Жеке жұмыс.
https://learningapps.org/1742868 сайтында.
Білімалушылар тәжірибелік жұмысты орындауға кіріседі. Дифференциациялау мақсатында тапсырмалар күрделіге өсу реті бойынша орналасқан.
Дискриптор бойынша бірін-бірі бағалайды.
Білімалушылар алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы жұптар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Нәтижені тексеру.
Мұғалім білімалушылармен бірге орындалғын тапсырмалардың нәтижесін шығарады.
|