«АЛАШТАНУ» факультатив курсы
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы – тарих пәнінің педагог
9-сынып
Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан)
реті
|
Сабақ тақырыбы
|
сағат саны
|
уақыты
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
|
|
I БӨЛІМ. АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕҰЛТТЫҚ МҮДДЕ– 6 с.
|
|
|
2
|
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
|
2
|
|
3
|
Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлігі
|
2
|
|
4
|
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар
|
2
|
|
|
II БӨЛІМ. АЛАШ ПАРТИЯСЫ, АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА – 10 с.
|
|
|
5
|
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі және Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс
|
2
|
|
6
|
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы
|
2
|
|
7
|
Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы
|
2
|
|
8
|
Алашорда және Кеңес өкіметі
|
2
|
|
9
|
Алашорда үкіметі және оның қызметі
|
2
|
|
|
III БӨЛІМ. АЛАШОРДА ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК
ӘСКЕРИ-САЯСИ КҮШТЕР – 8 с.
|
|
|
10
|
Алашорда және ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде
|
2
|
|
11
|
Алашорданың 1919 жылғы тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі
|
2
|
|
12
|
Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің Кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық-саяси қызметтері
|
2
|
|
13
|
Большевиктік өкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты (1920–1940 жылдар)
|
2
|
|
|
ІV БӨЛІМ. АЛАШ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ –8с.
|
|
|
14
|
Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным-түсінік эволюциясы
|
1
|
|
15
|
Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы
|
1
|
|
16
|
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Ұлттық қозғалыс көсемі
|
1
|
|
17
|
Алаш қайраткерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістері
|
1
|
|
18
|
Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі
|
1
|
|
19
|
Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы
|
1
|
|
20
|
Алаш баспасөзі және қазақ қоғамы
|
1
|
|
21
|
Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт азаттығының сарындары
|
1
|
|
22
|
ҚОРЫТЫНДЫ ҚАЙТАЛАУ
|
1
|
|
|
|
|
|
ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
9-сынып
Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан)
Кіріспе – 1 с.
«Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны.«Алаш» ұғымының жаңғыруы мен жандануы. Алаш қозғалысы – ұлт-азаттық күрестің айрықша белесі. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу.
I БӨЛІМ. АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕҰЛТТЫҚ МҮДДЕ– 6 с.
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы – 2с.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.Столыпин реформасынан кейін Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы жер мәселесі. Патшалық үкіметтің қоныстандыру саясатынан туындаған күрделі ахуал. Шет аймақтардағы теңсіздік. Алаш қозғалысының шығуы мен өріс алуы. Ұлт зиялылары – Алаш қозғалысының тірегі. 1905 жылғы Қарқаралы құзырхаты (петициясы).Алаш қозғалысы және Ресей Мемлекеттік Думасы. Қазақ зиялылары және ресейлік саяси қозғалыстар мен ағымдар.
Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлігі – 2 с.
Отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа бағыттары. Ұлттық басылымдар. Ана тіліндегі газет-журнал, кітап, мектеп үшін күрес. «Оян, қазақ!» тұжырымдамасы. «Айқап» басылымы және қазақ мәселесі. Баспасөз бетінде саяси жүйе мен отаршылдыққа қарсы сынның күшеюі. Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның аграрлық экономика саласындағы бастамашыл істері. «Қазақ» газеті. Автономия туралы ой-пікірлер.1916 жылғы көтеріліске қатысты Алаш қозғалысы жетекшілерінің ұстанымдары мен қайраткерлік қызметтері.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар – 2 с.
Ресей отаршылдығы және дүниежүзілік антиимпериалистік күрес аясындағы қазақ оппозициясы. Ресей мұсылмандары қозғалысы. Саяси партиялардың жұмысына қатысу. Коммунистікидеология: интернационализм және пролетарлық тапшылдық.Дербестік және тәуелсіздік идеялары. Қазақ оқығандары арасындағы пікір алуандығы (отырықшылық және көшпелі тұрмыс, мүфтият, әліпби, т.б. туралы). Ұлттық мұраттар. Діни-ағартушылық тұғырнамалар.
II БӨЛІМ. АЛАШ ПАРТИЯСЫ, АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА – 10 с.
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі және Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс – 2 с.
1917 жылғы ақпан төңкерісі және қазақтар. Монархияның құлауы. Уақытша үкімет тарапынан қазақ зиялыларының әртүрлі санаттағы қызметтерге тартылуы. Ұлт қайраткерлерінің көпвекторлы саясаты. Қазақстандағы земство қозғалысы және оның сайлау науқаны. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы сайлауы және қазақ қоғамы. 1917жылғы Қазан төңкерісі және Алаштың көзқарасы. Саяси күштердің тоғысуы. Ресейлік азаматтық қарсы тұру үдерісі.
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы –2 с.
Қазақ комитеттерінің құрылуы. Алғашқы қазақ облыстық съездері. Өлкедегі жастар ұйымдары және олардың саяси-қоғамдық іс-әрекеттері. Бірінші Жалпықазақ съезінің қаулылары және халық мүддесінің тұжырымдалуы. Қозғалыстан Алаш партиясына өту жолы. Қазақ ұлттық-либералдық партиясының бағдарламалық жобасы. Жергілікті баспасөз ісінің жандануы.
Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы – 2 с.
Екінші Жалпықазақ съезінің қаулылары (5-13 желтоқсан 1917ж.). Алаш автономиясы. Елдік құрылым негіздері. Алашорда үкіметінің құрылымы. Алашорда рәміздері. Бүкілресейлік Құрылтайға даярлық және федерация туралы. Ұлттың құқықтық-демократиялық даму бағытындағы іс-шаралар. Съезд шешімдеріне сәйкес Алашорданың негізгі мақсат – міндеттері. Ойыл уәлаяты. Түркістан Мұхтарияты. Алаш автономиясының Уақытша Сібір Облыстық Кеңесі (Г.Н.Потанин басқарған) тарапынан қолдау табуы.
Алашорда және Кеңес өкіметі – 2 с.
1918 жылдың 28 қаңтарында Алашорда үкіметі қызметінің басталуы (Семей-Алаш қаласы). «Сарыарқа» газеті беттеріндегі Алаш автономиясы мен үкіметі – Алашорда туралы ресми жарияланымдар. Қазақстан аймақтарында Кеңес өкіметінің орнатылуы (1918ж ақпан-маусым). Алашорда және Кеңес өкіметі арасындағы келіссөздер нәтижесі. Семейдегі Орталық және Облыстық Алашорда комитетінің Кеңес өкіметімен саяси қақтығысы.1918 жылғы маусым оқиғалары. Қазақстан аймақтарында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Алашорда және Уақытша Сібір үкіметі қарым-қатынастары.
Алашорда үкіметі және оның қызметі – 2с.
Алашорда билігінің тұрақты сипатқа көшуі (маусым-қараша 1918жыл). Алашорда үкіметінің қабылдаған қаулылары мен шешімдері.Ішкі саясаттағы ұстанымдары. Земство және Қазақ комитеттеріндегі алашордашылардың қызмет өрістері. Алашорда және Қазақ соты. Алашорда және Алаш атты әскерін жасақтау. Алашорда бөлімдері: Батыс Алашорда (Жымпиты), Бөкей ордасы,Маңғыстау, Ақтөбе, Торғай, Қостанай өңірлері, Ақмола мен Жетісу облыстарындағы Алашорда басқармалары және Түркістандағы оңтүстік қанаты.
III БӨЛІМ. АЛАШОРДА ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК
ӘСКЕРИ-САЯСИ КҮШТЕР – 8 с.
Алашорда және ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде – 2 с.
Антикеңестік күштермен бірлесіп Кеңес өкіметіне қарсы шығуының тарихи себептері (1918жыл). Алашорда және облыстық, уездік деңгейлердегі саяси күштер: өзара саяси, экономикалық, әлеуметтік және әскери саладағы байланыстар.Алашорда әскери құрылымдарының Қазақстанның территориялық кеңістігінде ресейлік майдандарға тартылуы (1918-1919жж). Алашорда және Түркістан байланыстары.
Алашорданың 1919 жылғы тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі – 2 с.
Алашорданың Комучпен, Уфа Директориясымен және Колчак үкіметімен саяси қарым-қатынасы. Өлкедегі Алашорда және Колчак билігі арасындағы саяси күрес. Азаматтық қарсыласу кезеңіндегі саяси-әскери жағдайлар және Алашорда әскері. Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-1920жж).
Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің Кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық-саяси қызметтері – 1 с.
Алашорда қайраткерлерінің Кеңес өкіметімен мәмілеге келуі.Кеңес өкіметі тарапынанамнистия жариялануы.ХХ ғасырдың20-жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі және алаш зиялылары. Қазақ зиялыларының Кеңестік Қазақстанды қалыптастырудағы қызмет бағыттары.
Большевиктік өкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты (1920–1940 жылдар) – 2 с.
Кеңес билігінің Алаш қозғалысына қатысушыларға қатысты көзқарасы мен шешімдері.Қазақстандағы «Кіші Қазан» науқаны. Алаш зиялыларының Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен шеттетілуі. «Байшыл-алашордашылдар», «оңшыл», «ұлтшыл-уклонист» деп айыпталған қазақ қайраткерлері. Эмиграция қайраткерлері (М.Шоқаев, Р.Мәрсеков, И.Жайнақов). «Ұлтшыл-уклонистер» (С.Садуақасұлы, С.Қожанұлы, Ж.Мыңбайұлы, Н.Нұрмақұлы, Ы.Мұстамбайұлы, т.б.). Қазақ қайраткерлерін жіктеуі мен бөлуі және қарама-қарсы қоюы. Орталық пен кеңестік республика арасындағы келіспеушіліктер: Алаш мүддесінің жаңғыруы. Ұлт қайраткерлерін қуғындау, репрессиялау науқаны. 1937 жылғы зұлмат және оның тарихи сабақтары.
Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным-түсінік эволюциясы – 1 с.1940-1991 жылдар аралығында Алаш жөніндегі пікірлердің әрқилылығы. Эмиграция мен тұтқындағы қайраткерлердің мемлекетшілдік мұраты. Кеңестік жылымықтан кейінгі Алаш тарихына көзқарас. «ЕСЕП» партиясы мен «Жас тұлпар» ізденісі. 1986 жылғы көтерілісті басу науқанында «Алаш әсерінің» сыналуы. 1988 жылы Алаштың 5 тұлғасының «ақталу» үдерісі.
ІV БӨЛІМ. АЛАШ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ –8с.
Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы – 1 с.
Алаш құндылықтары – демократия және қоғамдық серпіліс бастауы. Алашорда қайраткерлерінің көзқарастар эволюциясы. Алаш құндылықтары мен әлемдік саяси демократиялық қозғалыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Шоқай, М.Дулатұлы, М.Тынышбайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. қайраткерлердің әлемдік үйлесімділік, ұлт бостандығы, зиялылық, білім мен ғылым хақындағы пікір-пайымдары.Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен құнды деректер. Алашорда қайраткерлерінің қоғамдық-саяси портреті. Алашорда қайраткерлерінің рухани мұрасы. Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің және ұрпақтарының қилы тағдыры.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Ұлттық қозғалыс көсемі –1с.
Ә.Бөкейханның қайраткер ретінде қалыптасуы: шыққан тегі, ірі саяси орталықтарда білім алуы, Кенесары көтерілісінің тағылымдары, Ресей және Еуропа азат ойларының ықпалы.
Ф.Щербинаның экспедициясына қатысуы. Мерзімдік баспасөз қызметіне араласа бастауы. Қарқаралы петициясын ұйымдастырудағы ролі. Қазақстанда кадеттер партиясын құрудағы әрекеті. Мемлекеттік Думаға мүшелігі. Абақтыға қамалуы. Абай өлеңдерін жарыққа шығарудағы және қазақ фольклоры үлгілерін жариялаудағы еңбегі. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы қайраткерлігі.
Жалпыұлттық пікірсайыстар және Ә.Бөкейханның «Қазақ» газетіндегі публицистикалық мақалалары.Уақытша үкіметтің құрамындағы қызметі. Ұлт автономиясы және мемлекеттік құрылым туралы тұжырымдамалары. 1917 жылғы желтоқсандағы жалпықазақ съезі және Ұлт Кеңесі – Алашорда төрағасы санатындағы мемлекеттік қызметі. Ә.Бөкейханның кеңес билігі кезеңіндегі қайраткерлігі мен шығармашылығы.
Алаш қайраткерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістері – 1 c.
Ахмет Байтұрсынұлының және Міржақып Дулатұлының саяси қайраткерлік, әдеби-көсемсөздік, ғылыми және ағартушылық қызметтерінің бірлігі мен тұтастығы.Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» еңбегі. Алаш қайраткерлерінің мектепке арналған пән оқулықтарын жазудағы қызметі.Инженер Мұхамеджан Тынышпаевтың тарихи зерттеулері.Дәрігерлер Халел Досмұхамедұлы мен Санжар Аспандиярұлының әдеби және тарихи еңбектері.
Қайраткер-қаламгерлер тұлғасы: Смағұл Сәдуақасұлының, Сұлтанбек Қожанұлының, Нәзір Төреқұлұлының және т.б.шығармашылығы.
Қазақ білімпаздарының 1924 жылғы съезі. Әліпби, терминология, аты-жөн, оқу бағдарламасы, ауыз әдебиеті, т.б. мәселелер төңірегіндегіпікірталастар. 1926 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезі.
Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі – 1 с.ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Түркістан. Халық ағарту мен баспасөз саласындағы зиялылардың қайраткерлігі. «Талап» ұйымының қызметіндегі ортақ мәдени бірлік пен ықпалдастық. З.У. Тоған Түркістан тұлғалары туралы. Х.Досмұхамедұлының ұйымдастырушылық қызметі.
Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы–1с.
«Бірлік» – қазақ қоғамының мұраты мен мақсаттарына сәйкес Омбы қаласында құрылған тұңғыш ұлттық жастар ұйымы.
Қазақстанда 1917 жылы ашылған мәдени-ағарту ұйымдары: «Еркін дала» (Орынбор), «Жанар» (Семей), «Қамқор» (Торғай), «Жас қазақ» (Орал), «Үміт» (Троицк), «Оқығандар» (Көкшетау), «Ынтымақ» (Атбасар), «Қызмет» (Кереку), «Жас тілек» (Ақтөбе), т.б. Олардың өнер, білім, ғылым саласын дамытудағы миссиясы. «Талап» қауымы және оның қызметі (Ташкент).
Алаш баспасөзі және қазақ қоғамы– 1 с.
«Қазақ» газеті (1913-1918) – ХХ ғасырдың екінші онжылдығындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы. Басылымның ұстанымы мен тақырыптық бағыттары.
Алаш бағытындағы «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Жас азамат», «Ұран» газеттері және «Абай» журналы, олардың жарық көру тарихы және авторлары.
«Ақ жол» газеті (1920-1926) және Алаш қайраткерлерінің публицистік қызметі. Сталиннің Қазөлкекомға осы басылым туралы хаты. «Ескі» интеллигенцияға көзқарас.
Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт азаттығының сарындары – 2 с.
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нарманбет Орманбетұлы, Ғұмар Қараш, т.б. көркемсөз өкілдерінің шығармашылығы және ұлттық ояну көріністері.М.Дулатұлының «Оян, қазақ», А.Байтұрсынұлының «Маса» жинақтары – азаттық қозғалысының манифестері. М.Жұмабаев символизміндегі ұлттық және түрікшілдік сарындар.«Алаш» ұранды өлең-жырлар. «Ақ жол» және «Еңбекші қазақ» газеттерінің беттеріндегі әдеби пікірталастар (А.Байтұрсынұлының, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, Н.Төреқұлұлының, Ғ.Тоғжанұлының, т.б. мақалалары).
Ұлт әдебиетшілерінің «Алқа» тұжырымдамасы және ҚазАПП.
Достарыңызбен бөлісу: |