Оқушылар сабақ соңында:
белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді;
а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсін діруді үйренеді.
Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қойыңыз:
— бүгінгі теңдеудегі қай компонент белгісіз бол ды?
— Азайтқыш — бұл бүтін бе, әлде бөлік пе?
— Белгісізді қалай таптық?
— Мәтінге теңдеу құрыңдар: “Жанатта 17 ойын шық болды. Достарына бірнеше ойыншық сыйлады. Сонда онда 9 ойыншық қалды”.
— Теңдеудегі белгісіздің мәнін білу үшін қандай сұрақ қою керек?
— Белгісіз неге тең? (Өздерің ойлаған сұраққа жауап беріңдер.)
— 11 – у = 7 теңдігіне “хикая” ойлап табыңдар.
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз.
|