Оқушылар сабақ соңында:
теңдеудің мағынасын түсінеді;
қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгереді.
Оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау түрінде мына сұрақ тарды қойып, тексеріңіз:
— Бір-бір теңдеу құрыңдар.
— Теңдеуді берілген мәтінге сәйкес құрыңдар: “Мен бір сан ойладым, оған 2-ні қосқанда 12 саны шығады” (х + 2 = 12.)
— Теңдеуді шешу дегеніміз не?
— х + 2 = 12 теңдеуін шеш.
— Қандай тәсілмен шештің? (Таңдау тәсілімен.)
— Неге теңдеу деп атайды? Сен қалай ойлайсың?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалатыңыз.
|