Оқушылар сабақ соңында:
әртүрлі теңдеулерді шешкенде амалдың ұқсас тығы мен айырмашылығын біледі;
қарапайым теңдеуді шешкендегі өз іс-әрекетін түсіндіре біледі;
теңдеудің шешімін тексеруді үйренеді.
Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақ қойыңыз:
— Қандай тепе-теңдік теңдеу деп аталады?
— Теңдеудегі белгісіздің мәні қалай аталады?
— Белгісіз азайғышы бар кез келген теңдеу құр.
— Белгісіз азайғыш болып не табылады? (Бүтін.)
— Белгісіз азайтқышы бар кез келген теңдеу құр.
— Белгісіз азайтқыш болып не табылады? (Бөлік.)
— Белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құр.
— Белгісіз қосылғыш болып не табылады? (Бөлік.)
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз.
|