Сабаққа арналған ескертпелер
Кіріспе тапсырма. Сабақты зерттеушілік жұмыс ты ұйымдастырудан бастаңыз. Оқушыларға осы сабақ барысында “Есеп дегеніміз не?” деген сұраққа жауап іздейтінін хабарлаңыз.
Тақтаға зерттеудің мәні — “ЕСЕП” деген сөзді жазыңыз.
Оқушыларға топта “Есеп дегеніміз не?” деген сұрақ төңірегінде ойлану және талқылау қажеттігін айтыңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.
Топтағы жұмысқа тірек ретінде оқушыларға мына кестені беріңіз.
Оқы және салыстыр
7 + 3
|
Жанар жануарлар
|
Қосындының мәні
|
жөнінде 7 кітап және
|
неге тең?
|
саяхат жөнінде 3 кітап
|
|
оқыды. Жанар барлығы
|
|
неше кітап оқыды?
|
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
Бұл тапсырмалардың қандай ұқсастығы бар?
Әрбір тапсырманы қандай тәсілмен шығаруға болады?
Бірінші тапсырманы оқушылар қиналмай орын дайды. Берілген сандарды қосады да, қосындының мәнін табады. Оқушыларға екінші тапсырма қиындық келтіруі мүмкін.
Оқушылардан: “Осы екі тапсырманың қайсысы есеп болып табылады?” — деп сұраңыз.
Олардың жауабын тыңдаңыз. Неге олай ойлай тынын нақтылаңыз. Есептің математикалық пікір екенін хабарлаңыз. Есептің мәтінінде міндетті түрде шарты мен сұрағы болатынын айтыңыз.
Оқушыларға мәтіннен есептің шарты мен сұрағын табуды өтініңіз. Жұмысты жалпы сыныппен талқылау түрінде өткізіңіз. Оқушылармен бірге есептің шарты мен сұрағын оқыңыз. Олардың айырмашылығын тал қылыңыз. “ШАРТЫ” және “СҰРАҒЫ” деген сөздер жазылған кестені іліп, жаңа түсініктерді бекітіңіз.
Келесі кезеңге өтерде есептің сұрағына қалай жауап беруді сұраңыз. Оқушылардың болжауын тыңдап алыңыз. Сұраққа жауап беру үшін есепті шығару керектігін айтып, тақтаға “ШЕШУІ” деген сөзді жазыңыз.
Оқушылардан егер олар есептің шешуін орын даса, не алатынын сұраңыз. Жауаптарын тыңдап алып, жалпылаңыз. Есепті шешу барысында оқушылар оның сұрағына “ЖАУАП” алады. Бұл терминді тақтаға жазып қойыңыз.
|
Есептің бірнеше құрамдас бөліктен тұратынын айтыңыз: шарты, сұрағы, шешуі және жауабы. Есептің шарты мен сұрағынан оның мәтіні құралатынын айтып қорытындылаңыз. Сызбаның көмегімен есептің барлық компоненттерін бейнелеп, олардың арасындағы өзара байланысты анықтап және белгісіз компонентті қалай табуды түсіндіріңіз. Оқушыларға берілген есепке қажетті сызбаны таңдауды ұсыныңыз. Ол үшін бірнеше нұсқаны беріңіз. Оқушыларға топта жұмыс істеуге мүмкіндік жасаңыз.
Мысалы, Жанар жануарлар туралы 7 кітап және саяхат туралы 3 кітап оқыды. Жанар барлығы неше кітап оқыды?
Сызбаның бірінші бөлігі нені білдіреді? (Жануарлар жөніндегі кітаптар санын.)
Ал екінші бөлігі ше? (Саяхат жөніндегі кітаптар санын.)
Нені табу керек? (Оқылған кітаптар санын.)
Есепті шығару үшін сызбаны қалай құруды түсін діріңіз. Суретпен берілген мәліметтер бар болса, есепті шығару жеңіл болатынын ескертіңіз.
Есеп. Оқушылармен бірге есептің шартын оқи отырып, қалыптастырушы тапсырманы орындауды ұйымдастырыңыз. Есепті шешу барысында қажет болатын негізгі қадамдарды жазып алыңыз:
— есепті оқы;
— есептегі белгіліні және белгісізді анықта;
— есепке сәйкес сызбаны таңдап ал;
— есепті шеш;
— есептің шешуін жаз;
— жауабын жаз.
Есептің негізі бөліктері жөніндегі білімдерін бекітіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |