Оқушылар сабақ соңында:8 + х > x + 9 түріндегі әріпті өрнектерді салыстыруды меңгереді;
қосу кезінде орындалатын ережелер азайтуда орындалмайтынын түсінеді.
Сабақты пысықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
— қайсысы ауыр: бір қап картоп па, әлде үш картоп па немесе бір қап картоп па, әлде бес картоп па?
— Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйылды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйылды. Қай шелектегі су артық?
— Бір таспаның ұзындығы қарындаштың ұзын дығынан 10 см-ге артық, ал екіншісі қарындаштың ұзындығынан 11 см-ге артық. Қай таспа ұзын?
— а + 7 немесе а + 17 әріпті өрнектерінің қайсысы артық? Неге?
— Азайтуға берілген әріпті өрнектерде бұл заңдылық сақтала ма? Неге?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз.
|