Сабақта оқушылар мынадай тұжырымға келеді: қосуға берілген екі әріпті өрнекті мәндері бойынша салыстырғанда қайсысының сан компоненті артық (кем) болса, сол өрнек артық (кем) болады.
Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында тапсыр маны топпен орындатыңыз. Әр оқушыға әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар таратыңыз.
Мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а және т. с. с. Барлық өрнектердің қосуға берілуі міндетті шарт болып табылады. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:
— бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.)
Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқу шылардың назарын аударыңыз. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. Сұраңыз:
— Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.)
Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірі мен салыстыруға болатынын хабарлаңыз. Мұны қалай істеуге болатынын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырымға әкеліңіз. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан
|
компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады.
Тапсырманы топта орындатып, нәтижелерін барлық сыныпқа айтқызыңыз:
— ең үлкен мәні бар өрнекті тап (әріптері бірдей болғандықтан оқушылар өрнектердегі сандарды салыстырып, үлкен саны бар өрнекті атайды);
— ең кіші мәні бар өрнекті тап;
— екі өрнекті “<” немесе “>” таңбаларының көме гімен салыстыр;
— өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастыр (оқушылар өрнектері бар парақшаларды қолдары на ұстап, бір қатарға тұрады);
— біркелкі өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқы;
— теңсіздік алатындай жағдай ойластыр. Мыса лы, “b +8 <12 + b”. Мұны былай дәлелдеуге болады: “кәмпит қапшығына тағы да 8 кәмпит салғанда 12 кәмпит салынған дәл сондай қапшықтан кем болады”.
Салыстыр. Берілген тапсырма алдыңғы иллюс трацияның негізінде орындалады. Оқушылар ға 1 кәмпитті бір топтан екіншісіне ауыстырып салып жатқан сияқты елестетуді ұсыныңыз. Бұл жағдайда қандай әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұраңыз. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыныңыз. Мәтінде кәмпитті солдан оңға қарай немесе керісінше салу керектігі көрсетілген жоқ. Сондықтан салыстырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Берілген тапсырма да оқушылар өз ойын түсіндіреді және жауаптарын негіздейді, осылайша олардың сөйлеу дағдысы дамиды.
Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр. Сыныппен жалпы орындалатын жұмыс
ұйымдастырыңыз. Оқушыларға суреттер бойынша әріпті өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақ тарына жазуды ұсыныңыз. Бірінші теңсіздік екі қа рындаштың ұзындығын салыстырудан шығады. “ Қарын даштардың ұзындығы белгілі ме?” — деп сұраңыз. Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра алатынымызды хабарлаңыз. Мысалы, бірінші қарындаштың ұзындығы х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірінші қарындаш-тың ұзындығы екінші қарындашқа қарағанда қысқа екенін көрсетеді. Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізіңіз.
Жауабы:
а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7.
|