Оқушылар сабақтың соңында:
кері есеп құрастыру мен шығаруды;
сызба бойынша есеп құрастыруды;
есептерге сызба сызуды меңгереді.
Оқушылардың тақырып бойынша меңгерген білімдерін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:
— егер есептің шешуі 5 + 2 өрнегімен шықса, осы есепке кері есептің шешуі қандай болуы мүмкін?
— Егер есеп 5 – 2 өрнегімен шықса, кері есептің шешуі қандай амалмен орындалады?
— Қорада 6 қошақан, 4 лақ тұр. Қорада барлығы қанша төл бар?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.
|