Сабақ кері есептер құрастыру және оны шығару дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл сабақта қосу және азайту амалдарының өзара кері амалдар еке ніне баса назар аударылады. Оқушылар осы білім дерін есеп шығару кезінде арифметикалық амал дарды дұрыс таңдауға, дұрыс қорытынды жасауға пайдаланады. Сондықтан берілген есепке кері есеп құрастырғанда ескерілетін жағдайлар қарастырыла ды: шешуі қосу амалымен орындалатын есепке кері есеп азайту амалымен, ал шешуі азайту амалымен орындалатын есепке кері есеп қосу амалымен және азайту амалымен құрастырылады.
Кіріспе тапсырма. Есеп шығаруға арналған мате матикалық бәйге ойынын ұйымдастырыңыз. Есеп тің мәтіні мен шешуін қағаз беттеріне жаза алады. Осыдан кейін оқушыларға құрастырған есептер жазылған бетті конвертке салып, сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа ұсынуды сұраңыз. Шешуі бар қағаз парағын оқушылар өздерінде қалдырады.
Конверттегі есепті алған оқушылар оны шеше бас тайды. Берілген есепті шығарған соң оқушылар оған кері есептер құрастырады. Олар осылай шығарған есепті кері есептер арқылы тексере алады. Математикалық бәйгенің барысында топтардың қалай жұмыс істеп жатқанын бақылап жүріңіз. Оқушылардың есептердің моделін қалай салғанына, қалай талдау жасағанына және қалай шығарғанына назар аударыңыз. Берілген есепке кері есептерді қалай құрастырғанын бақылаңыз. Жұмыс соңында оқушылар “Қосу амалымен берілген есепке кері есеп азайту амалымен орындалады және керісінше болады” деген қорытындыға келеді.
Есептерді салыстыр. Оқушыларға турнирді жалғастырып, келесі тапсырманы орындайтындарын айтыңыз. Олардың міндеті — үш есепті оқып, салыстыру. Бұл есептерді қалай атауға болатынын сұраңыз. Берілген есептердің өзара кері есеп екенін дәлелдеп беруді ұсыныңыз. Оқушылар есептің тақы рыбы ұқсас, сандық мәліметтерінің бірдей екенін айтады. Есептің сызбасын салып, шешуі мен жауабын жазып салыстыру арқылы да дәлелдей алады.
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
— бірінші есепті қандай амалмен орындадыңдар? Неге? (Қосу амалымен.)
— бірінші есепте бүтін белгісіз. (Бүтінді табу үшін белгілі бөліктерді қосады.)
— Екінші есепті қандай амалмен шығардыңдар? Үшіншіні ше? (Азайту амалымен. Екі кері есепте де бөлік белгісіз. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайтамыз.)
Жауабы:
10 + 30 = 40 (мин.) Жауабы: Дина 40 минут дайындалды.
40 – 30 = 10 (мин.) Жауабы: Дина 10 минут есеп шығарды.
40 – 10 = 30 (мин.) Жауабы: Дина 30 минут сурет салды.
|
Орындап көр. Оқушыларға жұмысты жұппен орындауды ұсыныңыз. Олардың міндеттері — ұсы нылған сызба бойынша есеп құрастыру. Оқушылар сызба бойынша талқылау жұмысын жүргізіп, бүтін мен бөлік арасындағы өзара байланысты ескеріп, есептің мәтінін құрастырады. Оқушылардың ойына, есептің тақырыбын таңдауға шектеу қоймаңыз. Бұл олардың шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді. Оқушылардың қанша есеп құрастыра алғанына назар аударыңыз. Әрбір оқушы бастапқы есепке екі кері есеп құрастыра алады.
Шығарып көр. Егер бастапқы есеп азайту ама лымен орындалса, оған құрастырылған кері есеп қосу амалының көмегімен шығарылатынын түсі- ну — берілген тапсырманы орындаудың мақсаты. Бұл қорытынды қосу мен азайту амалының өзара кері амал екеніне негізделген. Оқушылардың осыны түсінуі үшін есептің мәтінін оқып, шығаруды ұсыныңыз. Бастапқы есепте белгісіз бөлікті табу керек болса, кері есепте керісінше бүтінді табу көзделеді. Жауабы:
мерекеге арнап бірнеше әуе шарын сатып алды. Оның 17 шары үрленді, 6 шары жарылып қалды. Барлығы неше шар қалды?
Шешуі:
17 – 6 = 11 (шар).
Жауабы:
11 шар қалды.
Ойлан. Келесі тапсырма бәйгенің соңғы тапсыр масы болып есептеледі.
Оқушыларға берілген есепті оның шешіміне сәйкес келетін сызбаны таңдап алу арқылы шығару ды ұсыныңыз. Одан әрі кері есептер құрастырып, оларды шешуге сызба таңдап және есепті шығарып, оның шығарылуын ламинатталған парақтарға жаза ды. Беттерді бір-бірімен алмастырып, өзара тексеру жүргізеді.
Математикалық бәйгенің қорытындысын шыға рыңыз. Бәйгеге қатысқан әр оқушыға “Есепті жақсы шығарғаны үшін!” деген жазуы бар медаль тағыңыз.
Қосымша тапсырмалар
Кері есепті тап. Оқушылар қосумен шығарылатын тура есепке шешуі азайту амалымен шығарылатын екі кері есеп құрастыруға болады деген қорытындыны пысықтай түседі. Ал азайтумен шығарылатын тура есепке шешуі қосу амалымен және азайту амалымен шығатын кері есептер құрастыруға болады деген білімдерін бекіте түседі.
Жауабы:
27 + 8 = 35 марка.
35 – 27 = жануар бейнеленген 8 марка.
35 – 8 = спорт түрі бейнеленген 27 марка.
|