Сабақ тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек / Экологиялық таза көлік Күні Мұғалімнің есімі



Дата03.04.2022
өлшемі239,39 Kb.
#137790
түріСабақ

Пәні: математика Мектеп:

Сабақ тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек / Экологиялық таза көлік

Күні

Мұғалімнің есімі

Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.3.2.2** шеңбер мен дөнгелекті радиусы бойынша сызу



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Шеңбер, дөңгелек, радиус ұғымдарын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек салуды біледі.
Кейбір оқушылар: Радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек салуды түсіндіріп береді.

Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Шеңбер, дөңгелек, радиус ұғымдарын түсінеді.
Радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек салуды біледі.
Радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек салуды түсіндіріп береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек салуды түсіндіріп береді.

Пәндік лексика және терминология:
Шеңбер, дөңгелек, радиус

Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы.
Талқылау:

Шеңбер дегеніміз не?
Дөңгелек дегеніміз не?
Радиус дегеніміз не?

Жазу:

Радиустың ұзындығы




Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар,

Тірек білім, білік, дағдылар

Шеңбер, дөңгелек, радиус, диаметр

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш-жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріңе сәттілік пен бестік баға тілеймін!


Ынталандыру. №1тапсырма
Бұл диаграмма біздің сынып оқушыларының мектепке қалай жететіндігін көрсетеді. Диаграмма теңдей 10 бөлікке бөлінген, әр бөлігі 10%-ды құрайды. 
► Диаграммадан не білуге болады?
► Қандай көлік қоршаған ортаға зиян келтірмейді?(велосипед)
Қандай көлік қоршаған ортаға зиян келтіреді?(автобус,мәшине)



Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Өзектендіру.
«Миға шабуыл» тәсілі. Оқушылардан сұрақтар қою арқылы дөңгелек пен шеңбер дегеніміз не екенін, естеріңе түсірулерін сұрау.

ҚБ: Шапалақ арқылы бір-бірін бағалау.
Мақсат қою Сен радиусы бойынша шеңбер және дөңгелек салуды үйренесің.

Жаңа сабақ тақырыбын бейнежазба арқылы түсіндіу
Сөздікпен жұмыс.

  • Шеңбер – Окружность – Circumference

  • Дөңгелек – Круг – Circle

  • Орталық – Центр – Center

  • Радиус – Радиус – Radius

  • Диаметр – Диаметр – Diameter

Топқа біріктіруге арналған таратпа материалдары
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала-ры

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/donggelek-shengber-shengber-syzu?mid=ee6aa790-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe



Ортасы

Жаңаны ашу
Шеңбер - шеңбердің центрі деп аталатын нүктеден барлық нүктелері бірдей қашықтықта жататын тұйық сызық.
Радиус – шеңбердің центрін оның қандай да бір нүктесімен қосатын кесінді.
Дөңгелек – бұл шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.


Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Жұптық жұмыс №2 тапсырма
Оқушылар суретке қарап, циркулдің көмегімен шеңбер сызу алгоритмін құрастырады.
Алгоритм:
1) Циркульдің инесін нөлге, ал циркульдің қарындашы бар
ұшын сызғыштың қажетті ұзындық бөлігіне қой.
2) Осы өлшеммен циркульді дәптерге қой.
3) Циркульдің қарындашы бар ұшын дәптердің бетімен мұқият айналдыр.
ҚБ: Шапалақ арқылы бір-бірін бағалау.

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/donggelek-shengber-shengber-syzu?mid=ee6aa793-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,то-лықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Аяқталуы



Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Жұптық жұмыс №3 тапсырма
Суреттегі шеңбердің радиустары және диаметрлерін жүргізеді. Олардың ұзындықтарын өлшейді. Осыдан кейін қорытынды жасап, сөйлемдерді жалғастырып жазады.

Диаметр – екі еселенген радиус ұзындығына тең
Радиус – диаметр ұзындығының жартысына тең.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау
Дескриптор: Шеңбер, дөңгелек, радиус ұғымдарын түсінеді.
Топтық жұмыс №4 тапсырма
Диаметрі 6см екенін сызбадан анықтайды.
Радиусы 6см : 2 = 3см
ҚБ: Шапалақ арқылы бір-бірін бағалау
Дескриптор: Шеңбер, дөңгелек, радиус ұғымдарын түсінеді.
Практикалық жұмыс №6 тапсырма .
«Шеңбер сыз» ойыны. Оқушылар келесідей етіп шеңбер сызады. Радиусын өзгертпей, циркульді осы шеңбердің кез келген нүктесіне қойып, тағы бір шеңбер сыз. Екі шеңбердің қиылысқан нүктелері жаңа шеңберлердің центрі болады. Негізгі шеңбердің ішінде біртіндеп гүл бейнесі пайда болады.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау
Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
Өткенмен жұмыс №5-8 тапсырмаларды орындау.
№5 тапсырма «Дауыстап ойлау» әдісі қолданылады
Мұғалім жетекші сұрақтар қояды:
А)-Екі мотоциклші қанша уақыттан жүрді? (3 сағаттан)
Бірінші мотоциклші қанша жол жүрді? (270 км)
– Екінші мотоциклші қанша жол жүрді? (Бірінші мотоциклшінің жолынан 30 км артық жүрді.)
– Есепте нені табу керек? (Екінші мотоциклшінің жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан сағатына қанша километр артық екенін)
Шешуі: 270 : 3 = 90км/сағ
270 + 30 = 300км
300 : 3 =100 км/сағ
100 – 90 =10 км/сағ
Жауабы: Екінші мотоциклшінің жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан сағатына 10 километрге артық.
ә) v1= S1: t= 400км : 5сағ = 80км/сағ
15 км/сағатқа арттырса
v2= v1+15км/сағ =80км/сағ +15км/сағ = 95км/сағ
Онда арттырылған жылдамдықпен:
S2 = v2·t = 95км/сағ·5сағ = 475км
Шығармашылық тапсырма №8 тапсырма
Сен зертеушісің №9 тапсырма
Шешуі:Мәнеттерді үш бөлікке жіктейміз: 4 + 4 + 4. Кез келген екі бөлікті салыстырамыз. Егер олардың салмағы бірдей болса, онда ізделінді мәнет үшінші бөлікте, кері жағдайда ауырында. Бір рет өлшеу үш бөліктің қайсысы ауыр екенін анықтауға мүмкіндік береді. Енді төрт мәнетті екіден бөліп өлшейміз. Екінші рет өлшеу екі бөліктен ауыр мәнеті бар бөлікті анықтау үшін қажет. Енді екі мәнетті бір-бірден табақшалы таразыға салып өлшейміз. Олардан салмағы ауыр мәнет ізделінді.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау
Жаңаны бекіту. Сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.
Үйге тапсырма №10
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі.


Оқулық, циркуль, карандаш,


өшіргіш

сергіту сәтін орындайды


https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/donggelek-shengber-shengber-syzu?mid=ee6aa795-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe


«Бес саусақ» әдісі.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет