Сабақ Тақырыбы: Шыншылдық адамдықтың белгісі Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна



Дата25.12.2016
өлшемі74,36 Kb.
#4549
түріСабақ
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп: №47 орта мектеп

Мерзiмі: 15.10.2015жыл.

№ 22- сабақ

Тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна.

Класс:1Оқушылар саны:24

Құндылық: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері: мейірімділік, ізгілік, адалдық



Сабақ мақсаты:Шыншылдық - адамдықтың белгісі ретінде ішкі тыныштықтың құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға мейірімділіктің мәнін ұғындыру;

  • Оқушылардың бойында ізгілік қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды бүкіл адамзатқа адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару.

5Т 1.Тәртіп

2.Талап


3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Енді осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :№ 22-сабақ

«Ағайынды екі қыз»мәтінін оқып келу.(82-83 бет)


  • Таудың ар жағында кімдер өмір сүріпті?

  • Шындық қандай әрекет жасады?

  • Адамдар кіммен дос болуды қалады?




  • Не себепті шыншыл адамға сенуге болады?

  • Сеніңше шыншыл бала қандай болады?

  • Сенің қиялың қандай шындыққа жеткізеді?




Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді.»

А.С. Пушкин (1799-1837) орыс ақыны,әдебиет сыншысы,аудармашы,тарихшы

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.






Сергіту сәті:

Шыншыл болсаң қол жетпес,

Шыңда өскен шынарсың,

Адал болсаң аңқылдақ,

Ізгілікке құмарсың.


  1. Әңгiмелеу

Жан жарасы жазылмайды

(аңыз әңгіме)


Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.

● Қария баласына қандай тапсырма берді?
● Бала қандай шешім жасады?
● “Ашуды ақылға жеңгізе біл” дегенді қалай түсінесіңдер?


  • Жақсы ісімізбен айналадағы адамдарды қуанта аламыз ба?

  • Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?

  • Сен ашуыңды, ренішіңді қалай жеңесің?






  1. Шығармашылық жұмыс: топтық жұмыс.

Қызыл,сары,жасыл,көк гүлдер арқылы арқылы төрт топқа бөлемін.

Әр топ адалдық, мейірімділік,қамқорлық,шыншылдық туралы шағын әңгіме жазу.







  1. Топпен ән айту.

«Көңілді күн» (Әйгерім Қалаубаева)
 1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша



Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың-ау балаша мені көріп.

Қ-сы:


Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!






  1. Үй тапсырмасы.

23-сабақ.«Жауапты іс» әңгімесін оқып келу.

Дәптердегі 22-сабақ, 81- беттегі 3- тапсырдағы суретке әңгіме құрап келу.







  1. Сабақтың қорытынды мазмұны.

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!








Сүйіспеншілік пен Өмір

(Аңыз әңгіме)

Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар:Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек Сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді.Байлық әдемі кемемен келіп:

-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,саған орын жоқ,сені ала алмаймын деді,

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

-Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,- дейді.

Сүйіспеншілік мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады:

- Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,-дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша ,Сүйіспеншілікті естімеді.

Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік,кел,мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша,қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім: Ол-Уақыт,-деді.

- Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?-деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: -Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі-деді.



- Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар?

- Алтын кемемен келген Байлық не үшін Сүйіспеншілікке көмектесе алмады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет