Сабақ тақырыбы Сызбаларға өлшемдерді түсіру Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет4/4
Дата08.07.2018
өлшемі106,34 Kb.
#48535
түріСабақ
1   2   3   4

6-сынып Сабақтың тақырыбы: Ттабиғат көрінісін бейнелеу(Пейзаж)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: күзгі табиғат көрінісімен танысу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту.
Көрнекі құралдары:
1. Тест жазылған үлестірмелер
2. Күзгі табиғат көрінісі туралы суреттер
Пән аралық байланыс:
1. Әдебиетпен
2. Дүниетанумен
3. Өзін - өзі танумен
Сабақтың әдісі: Суретшеілер шығармалары арқылы түсіндіру, сұрақ – жауап алу, баяндау, шығармашылық жұмыс, үлестірмелер. (өз бетінше).
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
(оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығын тексеру)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру: Сұрақ-жауап алу, жұмыстарын талдау
Тест:
1. Түр – түстану ғылымы нені зерттейді?
а) Адамның ұйықтаған кезде көретін түсі
ә) Түр – түсті зерттейтін ғылым.
2. Негізгі түсті айт.
а) қызыл, сары, көк.
ә) қоңыр, ақ, жасыл.
3. Қосымша түстерді айт.
а) ақ, қара, көкшіл.
ә) қоңыр, жасыл.
4. Жылы түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.
5. Суық түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.
6. Кескіндеме немен салынады?
а) бормен.
ә) бояумен.
7. Кескіндемені қайда салуға болады?
а) кенепке, қағазға.
ә) жерге, суға.
8. Көлеңке қандай бояумен салынады?
а) жылы бояу.
ә) суық бояу.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: ( қызыл, сары, көк түстер бойынша топтарға бөлінеді)
1. Табиғат көрінісінің алуан құбылыстары туралы.
2. Күзгі табиғат көрінісі.3. Этюд.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезі:
Балалар, алдымен мына бір өлең шумағына назар салайықшы.
Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің,
Сен – армансың,
Сен – бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған – дегендей табиғаттың сұлулығы, оның сыры керемет емес пе?
Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. «Табиғат пен адам – егіз ұғым» деп ұлы суретші Леонардо да Винчи айтқан екен.
Адам табиғат сұлулығынан, әсемдігінен, әдемілігінен бойына қуат алады.
Сол сияқты табиғат сұлулығын ақындар өлеңмен, жазушылар әдеби тілмен, суретшілер қыл қаламмен көрсеткен. Бейнелеу өнеріңде түрлі – түсті бояумен, акварель - мен, майлы бояумен салуды кескіндеме дейтінін бәріңде білесіңдер. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат кеңістіктегі әсем де сұлу табиғатты көзбен көріп, көңіл - мен қабылдағанын суретке салу. Табиғат көрінісін салмас бұрын, табиғат аясында серуендей жүріп, бәрін байқап, көргендеріңді еске сақтап, сол арқылы сурет салуды үйрену керек. Табиғат көрінісін кей суретшілер қас – қағым сәтте – ақ, лезде бейне - леп салады. Бұны «этюд» деп атайды. (суреттерді көрсету).
-Біз білеміз жылдың төрт мезгілі бар. (оқушылардан сұрау). Көктем, жаз, күз, жаз.
Әр мезгілдің өз алдына ерекшелігі бар. Қазір күз, күздің соңғы айы – Қараша. Қарашаның соңғы күндері.
Көктем – жер бетіне шырай беріп, жан – жануар, өсімдік атаулыға жан береді, тірілтеді. Жаз жанды жадыратса, қылышын сүйреткен қыс аязымен, боранымен қысады. Ал, күзде жеміс атаулы піседі, егін жайқалады. Күздің алғашқы айлары осындай молшылыққа бөлейді. «Күздің әр күні қымбат» деп адамдар шаруалар тез бітіруге тырысады. Күзде барлық ағаш жапырағынан айырылады, жолында сарғайған жапырақтар. Аспан біресе сұрланады, біресе жаңбыр жауады, біресе тұмандайды. Ұлы ақынымыз Абай:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан...
-алдыңа күздің күнінің құбылмалы тұрақсыз күндері адам мінезіне ұқсап кетеді.
Күзгі табиғат көрінісін салудан бұрын оның жекелеген бөлшектерін салып алады.
Әуелі күздегі аспан мен жер, ағаштар мен жапырақтар т. б.
Мысалы: Оқулықтың 137 – бетіндегі күз суретіне назар аударайықшы. (суреттегі жылы, суық түстердің қалай пайдаланғанын айту.Сондай-ақ қыс туралы өлең шумақтарын айту
V. Бекіту кезеңі:. - табиғат көрінісінің бөлшектерін жеке – жеке салу.
VІ. Қорытынды: 1. Табиғат көрінісінің алуан құбылыстары қалай болады23. Этюд дегеніміз не?

VІІ. Бағалау: Оқушыларға баға қою.

VІІІ. Үйге тапсырма: Қыс мезгілі.

Тест:
1. Түр – түстану ғылымы нені зерттейді?
а) Адамның ұйықтаған кезде көретін түсі
ә) Түр – түсті зерттейтін ғылым.
2. Негізгі түсті айт.
а) қызыл, сары, көк.
ә) қоңыр, ақ, жасыл.
3. Қосымша түстерді айт.
а) ақ, қара, көкшіл.
ә) қоңыр, жасыл.
4. Жылы түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.
5. Суық түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.
6. Кескіндеме немен салынады?
а) бормен.
ә) бояумен.
7. Кескіндемені қайда салуға болады?
а) кенепке, қағазға.
ә) жерге, суға.
8. Көлеңке қандай бояумен салынады?
а) жылы бояу.
ә) суық бояу.

Тест:
1. Түр – түстану ғылымы нені зерттейді?
а) Адамның ұйықтаған кезде көретін түсі
ә) Түр – түсті зерттейтін ғылым.
2. Негізгі түсті айт.
а) қызыл, сары, көк.
ә) қоңыр, ақ, жасыл.
3. Қосымша түстерді айт.
а) ақ, қара, көкшіл.
ә) қоңыр, жасыл.
4. Жылы түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.
5. Суық түсті айт.
а) көк, қоңыр, сиякөк.
ә) жасыл, ақ, сары.
6. Кескіндеме немен салынады?
а) бормен.
ә) бояумен.
7. Кескіндемені қайда салуға болады?
а) кенепке, қағазға.
ә) жерге, суға.
8. Көлеңке қандай бояумен салынады?
а) жылы бояу.
ә) суық бояу.


Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің жанрлары.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.

Сабақтың өту барысы:

1.​ Ұйымдастыру кезеңі.

2.​ Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.​ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.​ Тапсырмаларды орындау.

5.​ Сабақты бекіту.

6.​ Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармаларды көруге құмар. Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

-​ Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

-​ Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

-​ Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,

Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.



Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.



Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің жанрларымен тереңірек танысу.



Бейнелеу өнері


Уақыты: 06.03.17 –а,ә,б

10.03.17-в,г,д

- сабақ



6-сынып


Сабақтың тақырыбы

Шағын пластикалық мүсіндеу




Мақсаты


  Оқушыларды негізгі ұғымдармен таныстыру, мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.


Тәрбиелігі: Сабақ үстінде таза, ұқыпты, көркем сазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке үйрету, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет салудағы еңбек белсенділігін арттыру. Оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.




Әдісі:
Көрнекілігі: 

 

Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу


Суреттер, үлестірмелер, суретті репродукциялар


Қызығушылықты ояту

Жан-жануарлар туралы жұмбақтар шешу




Жаңа сабақ

Пластикалық мүсіндеу– бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не тұзды қамырдан жасалады. Бұны-«скульптуралық» тәсіл деп атайды. Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне келтіреміз.Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.

Мүсіндеу әлемді пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері.Мүсіндік бейнелеу объектісі - көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.



Рефлексия

Практикалық жұмыс орындау: 1-кезең қағазға бейнені түсіру

2-кезең ермексазды дайындау 3-кезең: жалпы пішімге пішімге келтіру 4-кезең бір пішімге реттеу,аяқтау



Үйге тапсырма

«Менің сұйікті жануарым» жасап келу


Күнделіктеріне жазып алады.




Бағалау

Жұмыстарын салыстыра отырып бағалау


Оқушылар күнделіктерне баға қойылады





Кері байланыс

Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру









Бейнелеу өнері


Уақыты: 2401.17 –а,ә,б

25.01.17-в,г,д

- сабақ



5-сынып


Сабақтың тақырыбы


Мүсін өнерімен танысайық.


Мақсаты


а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.

ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.

б) Тәрбиелілік Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман

мінездерден жиренуге әдеттендіру.



Әдісі:
Көрнекілігі: 

 

Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу


Суреттер, үлестірмелер, суретті репродукциялар


Қызығушылықты ояту

Бас мүшелеріне байланысты жұмбақтар шешу:


Сәуле астында жүз найза (көз бен кірпік)

Домалақ қарбызда қос жарғақ (құлақ)

Басынан құйрығы ұзын (тіл)

Асты мәрмәр, үсті мәрмәр,

Ортасында сандуғаш сарнар (тіс пен тіл)...



Жаңа сабақ

Мүсін туралы түсіндіріледі. Оның трлерімен таныстырылады.ЖҰМЫР

ЖӘНЕ РЕЛЬЕФТІ. ВЕНН ШЕҢБЕРГЕ САЛЫП САЛЫСТЫРУ.



Рефлексия

Сін туралы түсіндіріледі.

3-кезең дақтармен сызықтар арқылы нәрсеге форма беру, қою көлеңкелерін бастыра сызықтау.





Үйге тапсырма

Шағын мүсән жасау

Күнделіктеріне жазып алады.




Бағалау

Жұмыстарын салыстыра отырып бағалау


Оқушылар күнделіктерне баға қойылады





Кері байланыс

Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру









Бейнелеу өнері


Уақыты: 12.03.17 –а,ә,б

17.03.17-в,г,д

- сабақ



6-сынып


Сабақтың тақырыбы


Ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу.



Мақсаты


а)Білімділік:Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер иллюстрацияларымен таныстыру. Бейнелеу өнерініңтүрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы оқушылартаныстыру, олардың мүсін өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.



ә) Дамытушылық:Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,ой- өрісін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман

мінездерден жиренуге әдеттендіру.



Әдісі:

Көрнекілігі: 

 Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Суреттер, үлестірмелер, суретті репродукциялар




Қызығушылықты ояту

1.Ежелгі мүсін өнері қай дәуірден басталады? (Қазақ даласында). Қандай мүсін атауларын білесіңдер?т.б

Жаңа сабақ

-   Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қандай ертегіге арнап мүсін жасау керек екендігін айтады. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген «Қобыланды батыр» жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан-жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды мүсіндеу үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.


Рефлексия

-   Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қандай ертегіге арнап мүсін жасау керек екендігін айтады. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген «Қобыланды батыр» жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан-жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды мүсіндеу үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Үйге тапсырма

Басталған жұмысты аяқтап келу

Күнделігіне жазады

Бағалау

Жұмыстарын салыстыра отырып бағалау

күнделіктерне баға қойылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет