Сабақ тақырыбы Сұлу сазды «Гәкку» Сабақ мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі23,74 Kb.
#29682
түріСабақ
Бекітемін: Күні: № 6

Пәні: Музыка

Класс: 3


Сілтеме

Жоспар

Сабақ тақырыбы

Сұлу сазды «Гәкку»

Сабақ мақсаты

Қазақ өміріндегі сал – серілердің алатын орны, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінің шығу тарихымен танысу. Әндерін жеткізушілермен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Ән айту қабілеті дамиды. Ыбырай Сандыбайұлының «Үкілі Ыбырай» атануы, «Гәкку» әні туралы біледі. Қ.Байбосынов шығармашылығымен танысады

Негізгі идеялар

Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығы, әндерінің шығу тарихы, сал – серілігі, әндерін жеткізушілер.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

1-топ: Үкілі Ыбырай кім? (кесте толтыру)

2-топ: Үкілі Ыбырайдың шығармалары («Гәкку» әнінің шығу тарихы)



І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушы назарын сабаққа аудару, топқа бөлу



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Талқылауға арналған сұрақтар (жалпы сұрақ).

  1. Біржан сал кім?

  2. Біржан салдың «Теміртас» әні қалай дүниеге келген

  3. Не себепті Біржан сал ел аралай алмай қалды?

  4. Сал – сері деген кімдер?

  5. «Адасқақ» әні қалай дүниеге келген?

  6. Неліктен ән «Адасқақ» атанған?


Жаңа сабақ:

а) Оқулықпен жұмыс:

1 – топ: Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінің шығу тарихымен танысады. Топтан бірнеше оқушы шығып, 2 – топқа баяндап береді.


Ақын, әнші, композитор Үкілі Ыбырай Ыбырай Сандыбайұлы

Сал – сері «Гәкку» Арқа өңірі


2 – топ: «Біліп ал» айдарымен танысады. (Қ.Байбосынов туралы)

Қайрат Байбосынов (1950 ж.) Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туылған. Әкесі Әукен домбыра, қобыз жасайтын шебер болған. Ол 13 жасынан «Әнші бала» атанады. Жүсіпбек Елебековтың шәкірті. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мүса әндерін шебер орындаған. Көптеген шәкірт тәрбиелеген ұстаз.


б) Музыка тыңдау:

Гәкку


Үкілі Ыбырай

в) Музыка сауаты:

Аранжировка – ән мен күйге сүйемел жасап өңдеу.

Тембр – дыбыс бояуы

г) Ән үйрену:

Гәкку


Үкілі Ыбырай

в) Кейінгі тапсырмалар: Топтар бір – біріне тақырып бойынша сұрақтар дайындайды.

1. Не себепті Үкілі Ыбырай өзінің әнін «Гәкку» деп атаған?



  1. Е.Брусиловский қандай опера жазған?

  2. Жібек бейнесіне қандай ән пайдаланылған?

  3. Қазір «Гәккуді» кімдер орындап жүр? т.б.



Кейінгі оқу:

Үкілі Ыбырай шығармашылығын зерттеу, ән жаттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет