Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана құндылығын есептер шығару барысында дарыту
Пәнаралық байланыстар
Тарих, жаратылыстану, дене шынықтыру (есептер шығаруда)
Бастапқы білім
Кездейсоқ, мүмкін емес, ақиқат оқиғалар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 10 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу 2. Күн шуағы арқылы сыныптың ахуалын жақсарту Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл - күймен келген оқушылар оң қолын көтерсін, мемлекетімнің патриотымын дегендер сол қолын көтерсін. Екі қолды қос ұрып, бойға шабыт шақырып, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
3.Топқа бөлу: Оқушылар өзіне ұнаған үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер геометриялық фигураларын таңдап, ықтималдық, комбинаторика, статистика топтарына бөлінеді.
Сабақтың ортасы 25 мин
-статистикалық санды сипаттамаларды есептеу үшін нені білу керек?
Сабақтың тақырыбын және мақсатын айтамын Жаңа білімді қолдану.
Топтық жұмыс. «Кластер» әдісі. (постер қорғау)
1 тапсырма (Барлық топтарға арналған, әр топ арифметикалық орта, мода, медианасын анықтайды) Топтағы оқушылар аяқ киімінің өлшемінің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын анықтаңдар. Аяқ киім дүкенінің басшысы осы өлшемдердің қайсысын жақсы білуі тиіс?