Сабақ тақырыбы Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш



бет2/3
Дата04.01.2022
өлшемі200,89 Kb.
#109448
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1575440249, 1575440249, 1575440249, 1575440249, дайексоз жинак-1, лауазымдық міндет, Тапсырма1, Шын жүйрік шаршау жоқ, кесте, phpj0HIbi 6, Ашық сабақ 29.11.2021ж, ОШ СОЧ Информатика ЕМН 11 класс каз (1), КТЖ 11-сын. қазақ тілі ЖМБ, « аза стан тарихы» п нінен ІІІ то сан а арнал ан жиынты ба алау

Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипттама. Шамалардың мәндері көбінесе сандар қатарымен өрнектеледі. Сондықтан шамалардың мәндерінің өзгерістері оның медианасымен сипатталады. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:


  1. 1) берілген сандарды өсу немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;

  2. 2) осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек.

Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.

Мысал-1: Қазан айының бір аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы: 140С; 150С; 160С; 140С; 170С; 170С; 200С болды. Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасын табайық.

Ол үшін апта ішіндегі ауа температурасын өсу ретімен жазып щығайық: 140С; 140С; 150С; 160С; 170С; 170С; 200С. Демек, 14; 14; 15; 16; 17; 17; 20 – сандар қатары алынды. Осы сандардың қақ ортасындағы санды табайық. Ол сан – 16. Олай болса, осы сандар қатарының медианасы – 16.



Мысал-2: Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6. Мүз айдынында қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табайық.

Ол үшін ұпайлар мәндерін кему ретімен орналастырайық: 5,7; 5,6; 5,6; 5,5; 5,4; 5,3; 5,2; 5,2. Ортасындағы сан екі сан: 5,5 және 5,4. Берілген сандар қатарының медианасы осы қатардағы 5,5 және 5,4 сандарының арифметикалық ортасы болады:



5,45.

Берілген сандар қатарының медианасы – 5,45 саны.



Қорытынды:

Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан.

Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет