Сабақ тақырыбы Статистикалық кесте. Жиіліктер полигоны. Жиіліктер гистограммасы


Пәнге қатысты лексика мен терминология



бет3/3
Дата30.12.2021
өлшемі320,33 Kb.
#106718
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5hjgjgj
plan-summativnyh-rabot, Алгоритм трассировкасы, English File Elem WB
Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • жиілік;

  • абсолюттік жиілік;

  • салыстырмалы жиілік;

  • жинақталған жиілік;

  • жиілік кестесі;

  • салыстырмалы жиілік кестесі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • таңдама көлемі...;

  • деректерді үлестіру кестесін құрастыру;

  • алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;

қазақша

орысша

ағылшынша

кездейсоқ шама

случайная величина

random value/random variable

абсолюттік жиілік

абсолютная частота

frequency










салыстырмалы жиілік

относительная частота

relative frequency

жиілік кестесі

таблица частоты

frequency table

деректер жинау

сбор данных

Data set

полигон

полигон

frequency polygon

гистограмма

гистограмма

histogram

Жиіліктер гистограммасы

гистограмма частот

histogram (of frequencies)




Құндылықтарды дарыту


Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Пәнаралық байланыстар

Информатика – жиілілік полигоны мен гистограмманы салу үшін графиктік бағдарламаны қолдану,

Статистика- статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау.



АКТ қолдану дағдылары

Жиілілік полигоны мен гистограмманы салу үшін графиктік бағдарламаны қолдану, презентация

Бастапқы білім


Сандар қатарының құлашын, модасын, медианасын және арифметикалық ортасын таба алу. Диаграммаларды салу және оқу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




Сабақтың ортасы
5 минут

3- минут


7- минут

3- минут

5- минут

15 минут


5 минут

10 минут


20- минут

ІІ. «Ой – түрткі»

  1. Математикалық статистика дегеніміз не?

  2. Математикалық статистиканың негізгі мақсаты қандай?

  3. Статистиканың қазіргі кезде алатын орны қандай?

  4. Абсолютті жиілік

  5. Салыстырмалы жиілік

  6. Сандық сипаттаманы бағалау: арифметикалық орта, мода, медиана, өзгеріс ауқымы, медиана

ІІІ. «Ойлан,жұптас,бөліс,» әдісі (Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз жұптарын тауып, жұптасады)



  1. 15, 16, 15, 17, 16, 15, 13, 14, 15, 16 сандар қатарының модасы .... 15

  2. 7; 12; 10; 14; 12; 10; 7 сандар қатарының медианасы .....

10

  1. 6; 11; 17; 10; 9; 3 сандар қатарының арифметикалық ортасы.... 6

  2. 12,5 ; 13,1 ; 17,3 ; 10,1 ; 9,7 сандар қатарының өзгеріс ауқымы.... 7,6

  3. 17; 19; 19; 16; 16; 14; 25; 13; 25 сандар қатары берілген. Абсолютті жиілік кестесін толтырыңыз.




Х

13

14

16

17

19

25

Абс. жиілік

1

1

2

1

2

2



ІІІ. Жаңа ұғымды меңгерту:

Оқушыларға 8.4.4.4 мақсаты үшін ұсынылған іс-әрекеттерді

жұппен орындауды ұсынамын.


  1. Жұп

Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды:

2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75.

Бұл деректерді жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіздер.

2-жұп


Оқушының бір ай бойы оқыған әдеби кітабының беттері көрсетілген: 9; 8; 5; 3; 2; 7; 8; 8, 12; 13; 25; 4; 4; 5,; 2; 7, 8; 9; 8; 9; 10; 6; 11, 15; 5; 7, 16, 11, 1; 2;

Бұл деректерді жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіздер.


3-жұп

Сыныптағы 34 оқушының бір жыл бойы оқыған кітаптар саны мынадай: 5; 6; 2; 7; 8; 9; 5; 9; 15; 40; 31; 37; 38, 3; 9; 11; 19, 21; 24; 27; 23; 17; 19; 15; 10, 8; 9; 29; 25; 4; 7, 13; 17; 24

Бұл деректерді жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіздер.
4-жұп

20 салымшының бір банкке салған ақшалары туралы мәлімет бойынша жиілік кестесін құрыңыздар. (мың тг)

60; 25; 12; 10; 68; 35; 2; 17; 51; 9; 3; 130; 24; 85; 100; 152; 6; 18; 7; 42.
Бұл деректерді жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіздер.
5-жұп

7 cыныптың 40 оқушысының бойларының өлшемдері берілген. 144, 145; 148; 159, 159; 148; 149, 145, 149, 148; 151; 147, 146; 145; 145; 146; 145; 152; 152; 145; 149; 146; 148; 148; 146; 151; 150; 149; 144; 149; 148; 144; 151; 148; 150; 159; 148; 145; 146; 149;

Бұл деректерді жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіздер.
Не алынды?

Таңдама нұсқалықтарының мәндерінде сәйкестік бар ма?

Деректердің осындай көрсетілімі көрнекі бола ма?

Қалай ойлайсыз, кестені қалай көрнекі етіп жасауға болады?

Сондықтан деректерді топтастырып және жиіліктердің

интервалдар кестесі түрінде көрсетіңдер.


1-жұп

2-Жұп


Осы мәліметтерді 0-5; 6-10; 11-15; 16-20; 21-25 түрлеріне топтау арқылы жиілік кестесін құрыңыздар.
3-жұп

Көрсетілген сандарды 1-5; 6-10; 11-15; 16-20; 21-25; 26-30; 31-35; 36-40 топтарға бөліп, жиілік кестесін құрыңыздар.



4-жұп

Салым мөлшері, мың тг.

Салымшы-лар саны

Салымшылар саны %

2 — 32

11

55

32 — 62

4

20

62 — 92

2

10

92 — 122

1

5

122 — 152

2

10

Барлығы:

20

100

5-жұп

Көрсетілген мәліметтерді 140 - 145; 146 - 150; 151- 155 , 156 – 160 топтарға бөліп, жиілік кестесін құрыңыздар.



Ескерту:

Мәннің интервалдық шекке түсуіне назар аударыңыз.

Екі рет есептемес үшін мән қандай да бір интервалға қойылады (мысалы, сол жақ).

Келесі тапсырма:

8.4.4.5 Жиіліктердің интервалдық кестесінің мәліметтерін жиіліктер гистограммасы арқылы береді мақсатының орындалуына арналған жұптық жұмыс.

Интервалдық жиіліктер кестесінен алынған деректер жиіліктер гистограммасы түрінде көрсетіледі.

Оқушыларға 8.4.4.4 мақсаты үшін ұсынылған іс-әрекеттердегі жұптық тапсырмаларды «Microsoft Excel» бағдарламасында жиіліктер гистограммасы түрінде көрсету тапсырылады.

Көлденең ось бойында интервалдар мәндері, ал әрбір интервал үстіне ауданы берілген аралыққа түсудің салыстырмалы жиілігіне тең баған салынады.



Мысалы: 1-жұп тапсырмасы - бірінші сынып оқушылары арасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған сан қатарына (портфель массасы кг- мен берілген) құрылған жиіліктер гистограммасы:

«Деректер қатарының форматы» мәзіріне бағандар арасында саңылау болмас үшін «саңылаусыз» деген бүйірлік саңылау белгісін қою керек.



Жиіліктің гистограммасы деп, табаны ұзындығы -қа тең дербес интервалдар болатын, ал биіктігі қатынасына тең (жиілік тығыздығы) тік төртбұрыштардан тұратын баспалдақты фигураны атаймыз.

Таңдама мәндері ретінде орташа сипаттамаларды есептеу үшін интервалдар орталары алынатынына назар аудартыңыз Егер белгі үздіксіз өзгеретін болса, онда гистограмма саламыз.

1.-ші дербес тік төртбұрыштың ауданы ге тең, яғни і-ші интервалдық варианталарының жиілік қосындысына тең. Олай болса жиілік гистограммасының ауданы барлық жиіліктер қосындысына, яғни таңдама көлеміне тең.

Салыстырмалы жиіліктің гистограммасы деп, табан ұзындығы -қа тең интервалдар болатын, ал биіктігі қатынасына тең тік төртбұрыштардан тұратын баспалдақты фигураны айтамыз.

IV. Жалпы сыныппен жұмыс:

Метрополитеннің белгілі бір маршруты бойынша жолаушылардың тасымалы зерттелді. Ол үшін кездейсоқ таңдалған вагонда әрбір сағат сайын әртүрлі жастағы жолаушылар саны анықталды. Нәтижесі төмендегі кестеде берілген.



Жасы

6 сағ

7 сағ

8 сағ

9 сағ

10 сағ

7 жасқа дейін

1

3

5

13

16

7 - 10 жас

3

5

15

20

11

10 - 20 жас

9

11

20

18

15

20 - 30 жас

15

25

38

35

17

30 - 40 жас

12

36

50

43

37

40 - 50 жас

15

31

43

36

29

50 - 60 жас

4

9

24

17

16

60 жастан жоғары

1

4

5

5

6

Берілген мәліметтер бойынша :

а) Вагондағы жолаушылардың саны ең жоғары шегіне жеткен уақытты;

в) 30-40 жас аралығындағы жолаушылар санының салыстырмалы жиілігі ең жоғары шегіне жеткен уақытты;

с) Сағат 10- да вагонға отырған жолаушылардың қандай пайызы 10-30 жас аралығында?



V . Жеке жұмыс

Тапсырма №1

Мемлекеттік емтихан кезінде оқушылар бір емтиханды өздері таңдаған пән бойынша тапсыруы керек. Таңдау физика, химия және ағылшын пәндері арасында өтеді. Оқушылардың қай пәнді таңдайтыны туралы сауалнама өткізіліп, 50 оқушыдан алынған жауап қорытындысы мынадай болды:(ф – физика, А – ағылшын, х- химия)

ф, А, ф, ф, х, х, ф, ф, ф, А, х, А, А, А, х, х, ф, х, А, А, ф, х, ф, ф, х, ф, х, А, ф, ф, ф, А, ф, ф, х, ф, А, ф, х, х, ф, х, А, ф, ф, ф, А, А, х, ф.

Алынған мәліметтер үшін жиілік кестелерін толтырыңыз және , жиіліктер гистограммасын «Microsoft Excel» -де салыңыздар.

Тапсырма №2

Мектептегі 40 оқушыға жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, әр оқушының бір апта ішінде қанша уақытын үйірмелерге арнайтыны анықталды. Алынған мәліметтер:

5, 1,5, 0, 2,5, 1, 0, 0, 2, 2,5, 3,5,4, 5, 3,5, 2,5, 0, 1,5, 4,5, 3, 3, 5, 3,5, 4, 3,5, 3, 2,5, 2, 1, 2, 2, 4,5,4, 3,5, 2, 5, 4, 2, 2,5, 0, 0, 3.

Алынған мәліметтер бойынша интервалдық жиіліктер кестесін толтырып, жиіліктер гистограммасын «Microsoft Excel» арқылы беріңіздер



http://www.grandars. ru/student/statistika /ryady-raspredeleniya.html




Мордкович А.Г., Семенов В.П. События, Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009

Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005

Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005

Сабақтың соңы

5 минут



Үйге тапсырма :

3-тоқсан қорытындысы бойынша оқу үлгерімінің жиілік кестесі мен гистограммасын салу



Рефлексия: Оқушылар шеңбер бойымен өздерінің ойын бір сөйлеммен жеткізеді.

Бүгін мен ................ білдім

Маған ........ қызықты болды

Маған ..................... қиын болды

Мен ......... тапсырманы орындадым

Мен .................................... түсіндім

Енді мен ..........................................





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды.. Олар бір –біріне көмек көрсету арқылы бірлесіп, жаңа ұғымды меңгереді.. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп өзінің жұмысын, шығарған есептерін басқа жұптар алдында қорғайды және әрбір жұп мүшесінің өзіндік рөлі болу керек. Ал баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын

Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады



Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын.


Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет