Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
С.К.Лукпанова___________
7.7 сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары: Әрлейтін жартылай дүмбіл өнім дайындау.
Сабақ тақырыбы: Сүтті мастика дайындау.
Сабақ мақсаттары:
Білімдік: Оқушыларда игеретін операцияны дұрыс және сапалы орындаудың әдіс тәсілдерінің алғашқы біліктіліктері мен дағдыларын арттыру;
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың біліктілігін, еңбек дағдыларын, өз бетімен жұмыстану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Шеберхана жабдығын ұтымды, үнемді пайдалануға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас.
Пәнаралық байланыс: Ұнды кондитер өнімдерінің технологиясы; Сауда есебі; Сурет және жабыстыру; Азық-түлік тауарларын тану; Жабдықтау.
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақтың техникалық және материалдық қамтылуы: Технологиялық сызба және карта; оқтау, пластикалық ыдыстар, мастика жасауға арналған арнайы пішіндеуші форма, құрал-жабдықтар, қажетті шикізаттар.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау (30-35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: 1 - тапсырма. Қантты мастика дайындаудың технологиялық схемасындағы бос орындарды толтыр.
Желатинді 30-40 мин батыру
Салқын су
Еріту
Табиғи бояғығыш
2
Эссенция және лимон қышқылы
1
200С суыту
Жаю
Пішінге келтіру
Жабыстыру
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Сүтті мастика дайындау; мақсаты: 1. Сүтті мастиканы дайындап үйрету; 2. Сүтті мастикадан әртүрлі пішінді фигураларды дайындап үйрету.
Жаңа тақырыпты баяндау (конспект) Сүтті мастиканы жабыстыру жолымен әр түрлі фигураларды жасау үшін қолданады немесе қабатқа жайып, оймалардың немесе пышақтың көмегімен әр түрлі фигураларды ояды. Сүтті мастика дайындаудың 2 түрлі рецептурасы бар:
№1 рецепт. Сүтті мастика. 300 г қант пудрасы, 300 г құрғақ сүт, 430 г қайнатылған сүт (сгущенка), 0,5 г ванильді пудра, қажетті бояғыштар, 1000 г шығымы.
№2 рецепт. 160 г құрғақ сүт, 160 г қант пудрасы, лимон шырыны 1 шәй қасық, қайнатылған сүт (сгущенка) 170, қажетті бояғыштар, 1000 г шығымы.
Дайындалу жолы: №1 рецепт: қайнатылған сүтті құрғақ сүтпен қант пудрасын және ваниль пудрасын қосып, біртекті масса пайда болғанша араластырады. Пішіндеуге байланысты әртүрлі бояғыштарға боялады.
1-сурет. Шикізаттарды өлшеу; Араластыру біртекті масса пайда болғанша.
2-сурет. Дайын сүтті мастика; Бояғыштармен бояу; Пішінге келген сүтті мастика.
Достарыңызбен бөлісу: |