3) 3) микроорганизмштаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының линиясына, генетикалық конструкцияға жататын өнертабыс.
Микроорганизм штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының линиясына не штаммдар консорциумдарына жататын өнертабыстар үшін штаммды, жасушалар линиясын, консорциумды алу тәсілінің сипаттамасы келтіріледі.
Штамм алу тәсілінің сипаттамасы оны сақтау туралы мәліметтерді ұсынбай, сипаттамада келтірілген мәліметтер негізінде құрастырылуы және жүзеге асырылуы мүмкін гендік-инженерлік әдістемелер, яғни рекомбинантты штаммдар көмегімен алынған штамдарға қатысты ғана өнертабысты жүзеге асыру үшін жеткілікті деп танылуы мүмкін. Өзге жағдайларда штаммды депозитке салу міндетті болып табылады.
Егер штамм, жасушалар линиясы немесе консорциум патенттік рәсім мақсаттары үшін сақтауды халықаралық тану туралы Будапешт шартында көзделген сақтау жөніндегі халықаралық органға немесе кемінде патенттің қолданылу мерзімі ішінде объектінің өміршеңдігін қолдауға кепілдік беретін және патенттік рәсім мақсаттары үшін сақтауды жүзеге асыратын коллекцияларға қойылатын басқа да белгіленген талаптарды қанағаттандыратын оларды сақтауға уәкілеттік берілген ресейлік коллекцияға орналастырылса, патенттік рәсім мақсаттары үшін сақтау жүзеге асырылған деп есептеледі. Мәлімделген мақсат бойынша штаммды, линияны немесе консорциумды пайдалану мысалы (мақсатты өнімді өсіру, бөлу және тазарту шарттарын, өнімнің шығымын, өнімнің немесе продуценттің белсенділік (өнімділік) деңгейін және оны анықтау (тестілеу) тәсілдерін және т.б. көрсете отырып) сипатталады.