Мектеп: №29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі
|
Сабақ тақырыбы: Судың еріткіштік қасиеті
|
Күні: 09.12.2019 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жұматаева Динара Жуанышбекқызы
|
Сынып: 4 «Г»
|
Қатысқандар саны:30
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.3.3.5 түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу;
4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:Судың еріткіштік қасиетімен танысады.
Көптеген оқушылар:Заттардың суда ерігіштігін сипаттайды.
Кейбір оқушылар:Ерітінділерді қолдану жолдарын анықтайды.
|
Бағалау критерийлері:
|
-Судың еріткіштік қасиетін сипаттайды.
-Суда еритін заттарды анықтайды.
-Суда ерімейтін заттарды атайды.
-Адам тіршілігінің түрлі салаларында ерітінділерді қолдануға мысал келтіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылар:
-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;
|
Терминология:
Су-вода-water
Еру-таять-melt away
Ерітінді-раствор-solution
минералды су-минеральная вода-mineral water
|
Сөз тіркестері:
Талқылау сұрақтары:
-су туралы ұғымды қалай түсінесің?
-судың адам ағзасына пайдасы қандай?
-су туралы қандай мақал-мәтел білесің?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
|
Судың қасиеттерін атайды. Су айналымын түсіндіреді, жауын-шашынның түзілуін, түрлерін біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал
«Қызықты смайликтер» смайликтер арқылы көңіл-күйді көтеру
Жаңа топ құру
Топтарға бөлу.3 топқа бөлінеді.
1топ: Мұз
2топ: Қар
3топ:Өзен
Көбіне ортақ аталып тұрған зат қайсы болып тұр? - дегенде оқушылар көбіне ортақ зат су болып тұрғандығын айтуы мүмкін.
Мұғалім: Аталып отырған зат атауы су болса. Бүгінгі сабақта судың қасиеттерімен танысамыз.
Жұмыс ережесін келісу. «Алтын ереже»
-
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
-
Уақытты үнемдейміз!
-
Нақты,дәл жауап береміз!
-
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
-
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру. «Шеңбердегі жіп» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала
ры
|
Ортасы
|
Жаңа сабақ: Бейне ролик көрсету
«Миға шабуыл» әдісі
Бір стақан жылы суға кесек қантты салу. Бақылау.
-
Қант қайда кетті? (Қант еріп кетті.)
-
Қантты құмға немесе топыраққа араластырсақ, осылай жоғалып кете ме? (Жоқ.)
-
Неліктен заттар суда ериді? (Себебі, су заттың барлығын дерлік ерітеді.)
-
Бұл судың қандай қасиетін көрсетеді? (Судың еріткіштігін көрсетеді.)
Осы тәжірибенің негізінде оқушылар судың еріткіштік қасиеті бар деген қорытындыға келуі тиіс.
|