Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, қазақ тілі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
|
Бастапқы білім
|
5-тарау өткен төрт тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Атомдар мен молекулалар» Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
«Жемістер» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жемістерді алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Сұрақтар жаңбыры. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
Сабақтың ортасы
|
Ширату тапсырмасы. Уақытты дұрыс пайдаланып жүрсің бе? Өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімеле. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Дескриптор: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмала
ры.
|
Сабақтың соңы
|
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Аялы алақан» кері байланыс.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар
дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |