«Жағдаяттан шығу» стратегиясы (топта немесе жұппен)
Әрбір топқа сюжеттік сурет ұсынылады. Осы кейіпкерлермен қандай келеңсіз оқиға болғанын анықтап, жағдайдың шешімін ұсыну қажет. Әрбір топ өз шешімінің нұсқасын қорғайды және қауіпсіздік тұрғысынан оның тиімділігінің дәлелдемелерін ұсынады. Оқушылардың өз жауаптарын негіздеу және басқалардың пікірін мұқият тыңдау қабілеті маңызды. Тапсырманың соңында топтар бір-бірін сигналдық карточкаларды көтеру арқылы бағалайды: жасыл-шешіммен келіседі, қызыл-шешіммен келіспейді.
Бағалау критерийлері:
күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолданады.
«Жаднама жаса» тапсырмасы (топта)
Оқушылар «Табиғи-климаттық катаклизмдер кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері жаднамасын» құрайды.
№1 топ жер сілкінісі
№2 топ су тасқыны
№3 топ орман өрті
№ 4 топ дауыл
Оқушыларға жаднаманы бағалаудың негізгі критерийлерін өздеріне жасауды ұсынуға болады.
Бағалау критерийлері:
табиғи катаклизм жағдайында өзін-өзі ұстаудың негізгі 3 ережесін құрастыра алады.