Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7 –бөлім «Су – тіршілік көзі»
Мерзімі: 4-тоқсан
Модератор: Сейтахметова Ж.М.
Сынып: 3
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Табиғат және менің қауіпсіздігім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру.
3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру
Сабақ мақсаттары
Оқушылар
«катаклизм» ұғымын түсіндіреді;
ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.
Пайдалы сөзтіркестер: Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық ....
Табиғи апаттық жағдайда ең басты қағида- ...
Құндылықтарды дарыту
Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;
Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.
Оқушылардың ауа-райы, климат, климаттық белдеулер туралы алғашқы түсініктері бар. Қолайлы және қолайсыз ауа-райын ажырата алады. Қолайсыз ауа-райында өзін-өзі ұстау ережелерін құру тәжірибелері бар. «Тірі табиғат» бөлімінде (3-сынып) табиғи ортада өз қауіпсіздіктерін жоспарлауды және тәуекелді бағалауды үйренді.
Ассоциация құру. Талқылау және ой білдіру (жеке, топта, ұжымда)
Оқушыларға «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымына ассоциация құру ұсынылады. Ол үшін ең алдымен оқушылар параққа өздері жеке орындайды, кейін топта кең ассоциация құрып, плакатқа түсіреді. Әр топ жұмыстарын бір-біріне көрсетіп салыстырады.
«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР» ұғымын бекітеді.
«Тап және дәлелде» тапсырмасы (ұжымда)
"Төтенше жағдайлар" ұғымын бекіту үшін слайдта суреттер топтамасы көрсетіледі. Олардың қайсысы ТЖ-ға жататынын анықтау қажет. Ол үшін оқушыларға таңдалған суреттердің нөмірлері жазылған парақшаларды таратыңыз және кейін жауаптарды ұжымда талқылаңыз.