Сабақ тақырыбы Табиғатта демалудың пайдасы Күні



Дата02.05.2020
өлшемі23,08 Kb.
#65387
түріСабақ
Байланысты:
1546884198

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Қазақ тілі 10-бөлім

1-сабақ

Саяхат және демалыс

Сабақ тақырыбы

Табиғатта демалудың пайдасы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сагидуллаева Зульфия Зиятдиновна

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар:20

Қатыспағандар: жоқ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

(5Т/А1);коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып,диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру(5Т/А6)



Сабақ мақсаттары

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады: . Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай диалогке даярлықсыз қатысады.

Кейбір оқушылар орындай алады: эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, өз пікірлерін білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: тақырыпты болжайды, анықтайды, түрлендіреді, суреттермен сипаттайды жоспарлайды,сахналайды,өз пікірлерін білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Па,шіркін! Керемет! Ғажап !Алақай! Пәлі,меніңше,әрине т.б.



Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Табиғат,тау, мөлдір бұлақ, демалыс, достар, қауіпсіздік т.б




Талқылауға арналған сұрақтар:

Демалыс сендер үшін қаншалықты маңызды?

Қандай жерлерде демалғанды ұнатасың?

Табиғат аясында демалған адамдардың көңіл-күйлері қалай болады?

Олар бір-бірімен қалай тілдеседі?


Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығына баулу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,өнер

Алдыңғы оқу:

Демалыс дегенді қалай түсінетінін анықтау

Сабақ барысы

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.



Айтылым. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

1 тапсырма. Суретті қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбын түсінеді.

Оқушылар қайда отыр?

Олар не істеп отыр?

Кітапханаға не үшін келді?

Мектепте кітапхана бар ма?

Сен соңғы рет қашан кітап алдың?

Ол қандай кітап еді?

Жаңа сабақ. Мәтіналды жұмыс. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысады.


Қалыптастырушы бағалау



Ресурстар

Сабақ басы

2 мин

1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда оқушылар «Көңілді күн» әніне билейді.







5 мин

2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Жүзіп шығу» әдісі бойынша оқушылардың бұған дейін не білетіндерін сұрау.

Демалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай жерлерде демалғанды ұнатасыңдар?

Табиғат аясында демалған адамдардың көңіл-күйлері қандай болады?

Олар бір-бірімен қалай тілдеседі?

Ауызекі сөйлеуде көбінесе қандай тілдік құралдарды(сөздер) қолданылады?


Марапаттау





Сабақ ортасы

5 мин

Бағалау критерийі: Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

3-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Суреттер: не болды?» әдісі арқылы берілген суреттерден бүгінгі тақырып не туралы екенін болжайды, табады.Тыңдалған мәтіндегі тірек сөздер бойынша топқа бөлінеді.

Дескриптор:__1)'>Дескриптор:

1)мәтінді тыңдайды;

2)мәтіннен тірек сөздерді табады



4-әрекет. Топтық жұмыс:

«Келісемін/келіспеймін» әдісі бойынша пікірлерге баға беріледі

Тірек сөздер, А3 қағазы, маркер

10мин

Бағалау критерийі:Берілген тірек сөздер арқылы тақырыпқа қатысты диалог құрады.

5-әрекет.Жұптық жұмыс: «Сағат тілі» әдісі арқылы әрбір жұп берілген тапсырманы 1 минуттың ішінде ауызша орындайды.



Дескриптор:

-әр оқушы қолына қағаз алады;

-кездескен оқушыдан қай уақытта бос екенін сұрайды; -аталған уақытта кіммен кездесетінін белгілейді.

12.00.-«Табиғат» туралы одағай сөздері бар диалог құрайды.

15.00.-«Демалыс» туралы қыстырма сөздері бар диалог құрайды.

18.00.-«Достар» туралы қаратпа сөздері бар диалог құрайды.




6-әрекет. Ұжымдық жұмыс:.

. 1.Көңіл-күйді білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер немесе қолданасыңдар?

2Адамның назарын аударып қарату үшін ше?

3Қандай сөздер сөйлеушінің түрлі көзқарастарын білдіре алады?




Тірек сөздер, А3 қағазы, маркер

10 мин

Бағалау критерийі: тақырып бойынша эмоцоналды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады, өз пікірлерін білдіреді.

7-әрекет. Топтық жұмыс: «Менің таңдауым» әдісі бойынша одағай, қыстырма сөз және қаратпа сөздерді қолдана отырып, 5минут ішінде тапсырманы орындайды.

1-топ «Табиғатта демалудың пайдасы» туралы ; (ән, жыр немесе өлеңді оқу )

2-топ « Жайлауда» тақырыбында (сурет қарап әңгімелеу);

3-топ « Күтпеген жаңалық» жайында рөлдік ойындарды орындайды.



Дескриптор:

-тақырып таңдайды;

-уақыт белгіленеді;

-берілген тақырыпқа сәйкес мәтін құрады .




«Басбармақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
8-әрекет. Ұжымдық жұмыс: (Ойсергек)

оқушы конверттен жануарлардың бейнесі бар суреттерді шығарады..Басқалары сол жануарды қалай шақыратынын табады.



Тірек сөздер, А3 қағазы, маркер,
иллюстрациялар


Сабақ соңы

8мин

10-әрекет. Ұжымдық жұмыс:

«Әріптестер» әдісі бойынша әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп , сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді.


11- әрекет. Жеке жұмыс:

«Екі жұлдыз, екі ұсыныс» әдісі бойынша кері байланыс орнату.

Тірек сөздер, А3 қағазы, маркер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет