Құндылықтарды дарыту:
|
Заттарды сипаттауда сын тұрғысынан ойлау, жұптық, топтық жұмыс кезінде қарым-қатынас жасау қабілеті, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету құндылықтары дамиды.
|
Пәнаралық байланыстар:
|
Жаратылыстану, сауат ашу
|
АКТ қолдану дағдылары:
|
Интербелсенді тақта, ноутбук
|
Бастапқы білім:
|
Жеке бас гигиенасына қажетті құралдарды атайды, қолданады.
|
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы:
|
Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал
«Өзіңізге тілегенді – басқаларға да тілеңіз!»
Оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтады.
Оқушылар сабын, щётка тарақ сөздері бойынша топқа бөлінеді.
Ширату жаттығуы.
Оқушыларға екі түрлі парақтарды (таза, кір) көрсету, салыстыру.
Таза, кір (лас) сөздерін басқа сөздермен байланыстырады.
(Таза киім, таза оқушы ...
Кір көйлек, кір киім ... )
Тазалық сөзінің мағынасы туралы не айта аламыз?
Тазалық дегеніміз – жеке бас гигиенасын сақтау.
Таза жүрген адамның денсаулығы мықты болады.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тазалық – денсаулық кепілі».
Сабағымыздың мақсаты: Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
|
Қима сандар
|
Сабақтың ортасы:
|
Тазалық,денсаулық,сөздерінің мағнасын түсіндіру
(Ұ) Оқушылар, қазір барлығымыз «Тазалық» дүкеніне саяхатқа барамыз.
- Оқушылар қандай заттар көріп тұрсыңдар?
- Сабын, сусабын, щетка, тіс пастасы, ысқыш, фейри, сүлгі, тарақ, сымжуғыш.
Оқушылар бұл заттардың не үшін қажет екенін айтады.
«Мадақтау» арқылы бағалау. Жарайсыңдар!
(Т) Жеке бас гигиенасына қажетті заттардың пайдалану жолдарын көрсетіңдер.
1-топ: сабын, сүлгі
2-топ: тіс пастасы, щетка
3-топ: сусабын, тарақ
Дескриптор: Білім алушы
- тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтайды;
- заттардың қолданылу жолдарын көрсете алады.
Топтар бірін-бірі «Бас бармақ»
арқылы бағалайды.
Сергіту сәті:
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Днесаулығы мықты жан.
(Ж) Суретке қараңыз, балаға тазалық сақтауға қажетті заттарды табуға көмектесіңіз.
Суреттерді сәйкестендіріңіз.
Жұптар бірін-бірі «Бағдаршам»
арқылы бағалайды.
|
Сабын, сусабын, щетка, тіс пастасы, ысқыш, фейри, сүлгі, тарақ, сымжуғыш.
Үлестірмелі құралдар
Бағдаршам
|
|
(Ө) Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз заттары ........................................................... болуы керек.
Тірек сөздер: орамал, тарақ, тіс щеткасы.
Дескриптор: Білім алушы
- тазалық сақтауға қажетті заттарды анықтай алады;
- сөйлемді толықтырып жазады.
Смайлик арқылы бағалау.
|
Үлестірмелі құралдар
Смайликтер
|
|
Оқушылармен бірлесе отырып жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережесін құрастыру.
Әр адамның жеке орамалы, тіс щеткасы болу керек.
Тісті күнделікті тазалап жүру.
Тырнақты өсірмей, уақытында алып жүру керек.
Тамақтану алдында қолды сабындап жуу керекъ
Шашты жуып,тарап таза ұстау қажет.
|
|
Сабақтың соңы
|
Бәрін түсіндім. Толық түсінбедім Түсінгім келеді
|
Үлестірмелі құралдар
|
Достарыңызбен бөлісу: |