Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет38/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч
11 сын поуороч, 11 сын поуороч, 3-сынып ктж

IV. Пысықтау.

  1. Радиотолқындардың барлық диапазондарының шекарасын атаңдар. Әр түрлі диапазондарға сәйкес келетін жиіліктерді есептеп табыңдар.

  2. Ұзын радиотолқындар не себепті алыс қашықтыққа тарай алады?

  3. Шалғай қашықтыққа қысқа толқындар арқылы радиобайланыс қалай жүзеге асады?

  4. Ионосфераның пайда болу себебі?

  5. Радиолокация деген не?

  6. Радиолокатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

  7. Әр нәрселердің бейнелерін қалай алысқа жеткізуге болады?

  8. Видикон, кинескоптың қүрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?

  9. Қазақстанда байланыс қүұралдарының дамуы туралы айтып беріңдер.

V. Есептер шығару. №3.8.3, №3.8.4. №3.8.7.

VI.Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §3.8. §3.9. №3.8.5, №3.8.6.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §3.11. Электромагниттік толқындар шкаласы. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар шығару көздері, электромагниттік толықндар шкаласы, жоғары жиіліктегі электромагнитік толқындардың биологиялық әсері туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электромагниттік толқындар шкаласы:



    • Төменгі жиілікті толқындар шығару

    • радиотолқындар

    • инфрақызыл сәулелер,

    • көрінетін жарық

    • ультракүлгін сәулелер

    • рентгендік сәулелер

    • γ-гамма шығару

Қысқа толқынды қуатты радиостанциялар елді мекендерден алыста салыну керек.

Телеорталық, радиолокатаорлық станциялардың айналысында арнайы санитарлық қорғаныс аймақтары құрылады. Кернеуі 750 кВ-тан жоғары болатын электр жеткізу тораптары тұрғын үйлерден кем дегенде 300 м қашықтықта орналасуы тиіс. Жоғары жиілікті желілер орналасқан жердің бәрінде де қорғаныс шаалары ескерілуі керек. Теледидар хабарларын кем дегенде 2,5-3,4 м қашықтықтан көрген дұрыс.


IV. Пысықтау.

      1. Электромагниттік толқындар шкаласын ұзындығы мен жиіліктері бойынша диапазондарға бөліңдер.

2.Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар шығару көздерін атаңдар.

3.Жер атмосферасының биосфераны қорғаудағы рөлі қандай?



V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §3.10. §3.11. Электромагниттік толқындар шкаласы.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану.

11-сынып.

«Электромагниттік толқындар және радиотехниканың физикалық негіздері» тарауы бойынша есептер шығару.
Мақсаты:

  1. Оқушыларды алған білімдерін есеп шығауда қолдана алуға дағдыландыру.

  2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: есептер шығару сабағы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тараудағы негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

С. Тұяқбаев. Есептер жинағынан:

3.1.24.

Егер тербелмелі контур индуктивтігі 2∙10-3 Гн катушка мен жазық конденсатордан тұрса, ол қанадй толқын ұзындығымен сәйкестендірілген? Конденсатор астарларының ара қашықтығы 1см, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған заттың диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, астралар ауданы 800 см2.

3.1.25.

Жиілігі 200 Гц дыбыс тербелістерінің бір периоды ішінде ұзындығы 30 м электромагниттік толқында болатын тербеліс санын анықтаңдар.

3.1.29.

Индуктивті катушкадағы ток 0,6 с ішінде 1 А-ге өзгерткенде, онда 0,5 В-қа тең ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушка мен сыйымдылығы 14100 п?Ф конденсатордан тұратын генератор шығаратын радиотолқын ұзындығы қандай?

3.1.32.

Егер контурдың 50 мкГн индуктивтікте толқын ұзындығы 300 м электромагниттік тербелістермен. Резонанстық бапқа келтірілгені белгілі болса, контурдың сыйымдылығы қандай?

3.1.34.

Қабылдағыштың кіріспе контурының индуктивтігі 10 мкГн катушкасында толқынды қабылдау барысында 4∙10-15 Дж максимал энергия жинақталады. Контур конденсаторындағы потенциалдардың ең үлкен айырымы 5∙10-4 В. Қабылдағыш қанадй толқын ұзындығына сәйкестендірілген?

3.1.40.

Радиоқабылдағыштың тербелмелі контуры конденсатор мен индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контур 1000 м ұзындықтағы толқынға сәйкестендірілуі үшін оның конденсаторының электр сыйымдылығы қанадй болуы керек?

3.1.44.

Егер тербелмелі контур индуктивтік кезінде 300 м толқын ұзындығындағы электромагниттік тербелістердің резонансына сәйкестендірілгені белгілі болса, онда контурдың ауа конденсаторының сыйымдылығын анықтаңдар.

3.1.45.



Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен астарларының ауданы 100 см2 және ара қышқытығы 3 мм ауа конденсаторынан тұрады. Контурда резонанс туғызатын толқын ұзындығын анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет